Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін толық көлемде есептеу Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 211-бабына сәйкес айқындалатын орташа айлық кірістің 60 пайызы есебінен жүргізіледі. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеу 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыстағы үзілістерге қарамастан, қатарынан кез келген үш жыл ішіндегі орташа айлық кіріс есепке алынады. 3 жылғы жұмысқа зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс қатарынан күнтізбелік 36 айдағы жұмыс кірісінің жалпы сомасын отыз алтыға бөлу арқылы анықталады. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін кіріс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 55 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс, яғни 55 АЕК * 4325 теңге (2026 жылға) = 237 878 теңге.
Толық көлемде еңбек өтілі + орташа айлық табыс
1. Ер азаматтар - 01.01.1998 ж. дейінгі еңбек өтілі- 25 ж.
3 жылдың кірісі 9млн. ( 237 878 т. – 2026 ж. max. орташа айлық табысы – 55 АЕК).
Есептеу: : (9млн./36 ай) = 250 000 т. Бұл жерде, 237 878 т. * 60 % = 142 727т.
Тағайындалатын зейнетақы мөлшері – 142 727 т.
2. Әйелдер - 01.01.1998 ж. дейінгі еңбек өтілі- 20 ж.
3 жылдың кірісі 9млн. ( 237 878 т . –2026 ж. max. орташа айлық табысы – 55 АЕК).
Есептеу: : (9млн./36 ай) = 250 000 т. Бұл жерде, 237 878 тг. * 60 % = 142 727т.
Тағайындалатын зейнетақы мөлшері – 142 727 т.
Жасына байланысты толық емес көлемдегі зейнетақы төлемдері толық көлемдегі (ерлер үшін - 25 жыл, әйелдер үшін – 20 жыл) зейнетақы төлемінің үлесі ретінде 1998 жылғы 1 қаңтардағы еңбек өтіліне пропорционалды түрде есептеледі.
Толық емес көлемдегі еңбек өтілі + орташа айлық табыс
1. Ер азаматтар - 01.01.1998 ж. дейінгі еңбек өтілі- 15 ж. 2 ай.
3 жылдың кірісі 9млн. ( 237 878 т. – 2026 ж. max. орташа айлық табысы – 55 АЕК).
Есептеу: : (9млн./36 ай) = 250 000 т. Бұл жерде, 237 878 т. * 60 % = 142 727т;
((15 ж. * 12 ай) + 2 ай) * 142 727 тг.) / 300 ай = 86 588 т.
Тағайындалатын зейнетақы мөлшері – 86 588 т.
2. Әйелдер - 01.01.1998 ж. дейінгі еңбек өтілі- 15 ж. 2 ай.
3 жылдың кірісі 9млн. ( 237 878 т. – 2026 ж. max. орташа айлық табысы – 55 АЕК).
Есептеу: : (9млн./36 ай) = 250 000 тг. Бұл жерде, 237 878 тг. * 60 % = 142 727т;
((15 ж. * 12 ай) + 2 ай) * 142 727 т.) / 240 ай = 108 235 т.
Тағайындалатын зейнетақы мөлшері – 108 235 т.
Зейнетақы мөлшерін есептеу әр азаматтың еңбек өтіліне және орташа айлық табысына жеке дара есептелінеді.