Меню

Страницы

Статья

ҰЖЫМНЫҢ МОРАЛЬДЫҚ – ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ ЗЕРДЕЛЕНДІ

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің моральдық  психологиялық ахуалын зерделеу мақсатында анонимді сауалнама жүргізілді.

Сауалнама нәтижесі ұжымдағы моральдық психологиялық ахуалдың жалпы алғанда тұрақты және қанағаттанарлық екенін көрсетті.

Сонымен қатар жұмыс жүктемесінің біркелкі және әділ бөлінуіне қатысты жауаптар талданып, кейбір қызметкерлер тарапынан қосымша назар аударуды қажет ететін мәселелер бар екені анықталды.

Осыған байланысты құрылымдық бөлімше басшыларына тапсырмаларды бөлу кезінде қызметкерлердің жұмыс көлемін, тапсырмалардың күрделілігі мен шұғылдығын ескеру ұсынылды.

Анонимді сауалнама нәтижелері ұжымдағы өзара түсіністік пен қолайлы моральдық психологиялық ахуалды одан әрі нығайтуға бағытталған профилактикалық жұмыстарды жетілдіру үшін пайдаланылатын болады. Салауатты моральдық – психологиялық ахуал – тиімді мемлекеттік қызметтің маңызды негізі.

Дата публикации
01 октября 2026
Дата обновления
01 октября 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы