Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметінде туындауы мүмкін тәуекелдер мен олардың себептері зерделенді.
Талдау барысында нұсқамаларды орындау мерзімдерін белгілеу, бақылау іс шараларын жүргізу кезіндегі қызметтік тәуелсіздік, сондай ақ нормативтік талаптарды дұрыс әрі біркелкі қолдану мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Анықталған тәуекелдерді төмендету мақсатында шешімдердің объективтілігін, ашықтығын және құжаттық негізділігін қамтамасыз етуге бағытталған профилактикалық шаралар белгіленді.
Департамент қызметкерлеріне әрбір қызметтік шешімнің заңды, объективті және бейтарап болуы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп талаптарының қатаң сақталуы қажеттігі түсіндірілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу – әрбір мемлекеттік қызметшінің күнделікті қызметтік мәдениетінің ажырамас бөлігі.