Қазақстан Республикасында зейнетақы төлемдері бірнеше жағдайда қайта есептеледі:
· Еңбек өтілі мен табысы туралы қосымша құжаттар ұсынылған кезде. Жасына байланысты зейнетақы алушы зейнетақы тағайындау кезінде бұрын ұсынылмаған, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілін немесе 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі табысын растайтын құжаттарды қосымша ұсынса, зейнетақы мөлшері қайта есептеледі.
· Зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі туралы қосымша құжаттар ұсынылған кезде. Базалық зейнетақы алушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілін растайтын қосымша құжаттарды ұсынған жағдайда, базалық зейнетақы мөлшері қайта есептеледі.
· Жыл сайынғы индексация кезінде. Бұл қайта есептеу автоматты түрде жүргізіледі. Жасына байланысты зейнетақы төлемдері инфляция деңгейіне сәйкес арттырылады. Ал базалық зейнетақы мөлшері ағымдағы жылға арналған «Республикалық бюджет туралы» заңда белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты есептеледі.
· Бақып-қағу кезеңі расталған кезде. Бірінші топтағы мүгедекті, екінші топтағы жалғызілікті мүгедекті, бөгде адамның көмегіне мұқтаж жасына байланысты зейнеткерді, 80 жасқа толған адамды немесе 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар баланы бағып-күту фактісі мен кезеңі сот шешімімен расталған жағдайда зейнетақы төлемдері қайта есептеледі.
Зейнетақы төлемдерін қайта есептеу тәртібі Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №232 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.