Меню

Страницы

Статья

«Заң мен тәртіп – бәрімізге ортақ»: сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер және қызметтік әдеп

2026 жылғы 24 қыркүйекте Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінде мемлекеттік қызметшілердің қатысуымен «Заң мен тәртіп – бәрімізге ортақ» (Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер мен қызметтік әдеп талаптарын сақтауы) тақырыбында семинар – кеңес өткізілді.

Іс – шараның мақсаты – сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, қызметтік әдеп талаптарын орындау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.

Семинар барысында Департаменттің әдеп жөніндегі уәкілі Д. Сенгербаев мемлекеттік қызметтің халықтың сеніміне негізделетінін атап өтіп, мемлекеттік қызметшілердің заң талаптарымен қатар, жоғары моральдық және әдеп стандарттарын сақтауы қажеттігіне тоқталды.

Іс – шара барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтау, мүдделер қақтығысының алдын алу, қызметтік өкілеттіктерді жеке мүдде үшін пайдалануға жол бермеу мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар азаматтармен және әріптестермен қарым – қатынаста әдептілік, сыпайылық, құрмет пен объективтілікті сақтау, сондай – ақ әлеуметтік желілерді пайдалану кезіндегі жауапкершілік мәселелеріне назар аударылды.

Семинар соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Мемлекеттік қызметшілерге заң талаптарын және қызметтік әдеп нормаларын сақтау, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу бойынша ұсынымдар берілді.

Заң мен тәртіпті сақтау – әрбір мемлекеттік қызметшінің ортақ міндеті әрі жеке жауапкершілігі.

Дата публикации
28 сентября 2026
Дата обновления
28 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы