Жауап: 2026 жылы бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы мөлшері баланың туу кезектілігіне байланысты есептеледі.
Бірінші, екінші, үшінші балаға берілетін жәрдемақы 38 АЕК (айлық есептік көрсеткіш) немесе 164 350 теңге;төртінші және одан кейінгі балаларға – 63 АЕК немесе 272 475 теңге.
Бала 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты төленетін жәрдемақы ай сайын келесідей мөлшерде төленеді:
- бірінші балаға - 5,76 АЕК немесе 24 912 теңге;
- екінші балаға - 6,81 АЕК немесе 29 454теңге;
- үшінші балаға - 7,85 АЕК немесе 33 952 теңге;
- төртінші және одан кейінгі балаларға - 8,90 АЕК немесе 38 493 теңге.
Жауап: Бала туған күннен бастап 18 айдан кешіктірмей өтініш беру қажет.
Жауап: Жұмыс істемейтін ата-анаға немесе бала күтімін жүзеге асыратын адамға заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттен мемлекеттік-әлеуметтік жәрдемақы тағайындалады.
Жауап: www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы;
«Отбасының цифрлық картасы» проактивті жүйесі;
Екінші деңгейлі банк қосымшалары арқылы.
Жауап: Электрондық қызметтер арқылы өтініштің мәртебесін тексеруге болады, сондай-ақ төлем тағайындалғаны туралы 1414 смс хабарлама келеді.