Меню

Страницы

Статья

«Қандай жағдайларда қамқоршылық тоқтатылады».

2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы, сондай-ақ құрамында әрекетке қабілетсіз, әрекет қабілеті шектеулі немесе  қорғаншылыққа немесе қамқоршылыққа мұқтаж адамдарға жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған кезде өтініш пен қажетті құжаттарды олардың заңды өкілдері  береді.

 «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан Республикасының кодексінің 130-бабының 3 тармағына сәйкес, қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толған соң, сондай-ақ ол некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде кәмелетке толмаған балаға қамқоршылық ерекше рұқсатсыз-ақ тоқтатылады.

Қамқорлыққа алынушы он сегіз жасқа толған кезде, егер ол  жоғары, арнаулы орта оқу орындарында оқыған жағдайда асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы тағайындау үшін үлесті бөлуге жүгінеді.

Көп балалы отбасының құрамында он сегіз жасқа толған қамқорлыққа алынушы болса, көп балалы отбасына берілетін жәрдемақы мөлшері қамқорлыққа алынушыны есептелмей  қайта қаралады.

Дата публикации
17 сентября 2026
Дата обновления
17 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы