Зейнетақыны қайта есептеу заңда қатаң айқындалған жағдайларда жүзеге
асырылады. Қайта есептеу негіздері Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен және тиісті нормативтік- құқықтық актілермен реттеледі. Зейнетақы қайта есептелетін негізгі жағдайлар мыналар:
Жыл сайынғы өсім (индексация): Бұл жыл сайын 1 қаңтарда автоматты түрде жүзеге асырылады. Жасына байланысты зейнетақы мөлшері инфляция деңгейіне сәйкес арттырылады, ал базалық зейнетақы мөлшерлері ағымдағы жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес өседі.
Есепке алынбаған еңбек өтілі: Зейнетақыны алғашқы есептеу кезінде жұмыс істеу, оқу, әскери қызмет немесе бала күтімімен айналысу кезеңдерінің кез келгені ескерілмей қалған жағдайда, зейнеткер растайтын
құжаттарды (мысалы, мұрағаттық анықтамаларды, еңбек кітапшасын немесе сот шешімін) ұсына алады.
Осы құжаттар негізінде зейнетақы қайта есептеледі.
Зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қатысты өзгерістер (базалық зейнетақы бойынша): Мемлекеттік базалық зейнетақы мөлшері жалпы еңбек өтіліне (1998 жылға дейінгі кезең) және міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ) аударылған кезеңге (1998 жылдан кейінгі кезең) тікелей байланысты. Егер Бірынай жинақтаушы
зейнетақы қорының (БЖЗК) дерекқорына жарналар немесе еңбек өтілі туралы нақтыланған ақпарат келіп түссе, базалық зейнетақының мөлшері қайта есептеледі.
Қайта есептеуге қалай өтініш беруге болады? Егер қайта есептеу автоматты түрде жүргізілмесе, жеке тұлға
«Азаматтарға арналған үкімет » мемлекеттік корпорациясына өтініш және бұған дейін ескерілмеген құжаттарды (мысалы, мұрағаттан және үзінді көшірме, еңбек өтілін растайтын сот шешімі, табыс туралы
анықтамалар және т.б.) тапсыруы қажет.