Меню

Страницы

Статья

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы кімге төленеді?

     

  Қазақстан Республикасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы (АМЖ) – заңда белгіленген ерекше санаттағы азаматтарға ай сайын төленетін әлеуметтік төлем.

       Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы 2023 жылғы 20 сәуірдегі №224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік Кодексімен (бұдан әрі -Кодекс) тағайындалады. Кодекстің 190-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтары, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының азаматтарымен бірдей арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығын пайдаланады.

        Бір мезгілде бірнеше негіз бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алуға құқығы бар адамдарға арнаулы мемлекеттік жәрдемақы олардың таңдауы бойынша тек бір негіз бойынша ғана төленеді.

        Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды алуға құқығы бар азаматтар, негізгі алушылар:

  • Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
  • басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, соның    ішінде Ауғанстанда болған әскери операцияларға қатысушылар;
  • ҰОС қатысушыларына немесе соғыс салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген азаматтар;
  • ҰОС кезінде қаза тапқан немесе хабар-ошарсыз кеткен жауынгерлердің қайта некеге тұрмаған жесірлері;
  • әскери қызметшілер, арнайы мемлекеттік органдар немесе ішкі істер органдары қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан жағдайда олардың отбасы мүшелері;
  • Чернобыль апаты және басқа да радиациялық апаттардың салдарын жоюға байланысты зардап шеккен кейбір азаматтар мен олардың отбасылары;
  • Кеңес Одағының Батырлары, Социалистік Еңбек Батырлары, III дәрежелі Еңбек Даңқы орденінің иегерлері, «Қазақстанның ғарышкер-ұшқышы» атағы бар адамдар;
  • саяси қуғын-сүргін құрбандары және одан зардап шеккен кейбір азаматтар.

 

 

Дата публикации
10 сентября 2026
Дата обновления
10 сентября 2026
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы