МӘЛІМЕТ САҒАТЫ: «Жаппай саяси құғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу» туралы Рақымбеков Олжас – №3 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 14 сәуiрдегі «Жаппай саяси қуғын-сүргiндер құрбандарын ақтау туралы» Заңына сәйкес мәлімет береді.
Сұрақ: Жаппай саяси құғын-сүргіндер құрбандарына кімдер жатады?
Жауап: Заңға сәйкес - саяси қуғын-сүргiндер зардап шеккендер ретiнде ата-аналармен немесе олардың орнындағы адамдармен бiрге бас бостандығынан айыру орындарында, айдауда, жер аударуда немесе арнайы қоныс аударуда болған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары, сондай-ақ қуғын-сүргiн кезiнде он сегiз жасқа толмаған және оның қолданылуы нәтижесiнде ата-анасының немесе олардың біреуінің қамқорлығынсыз қалған саяси қуғын-сүргiндер құрбандарының балалары танылады.
Сұрақ: Біржолғы ақшалай өтемақы тағайындауға қандай құжаттар қажет?
Жауап: Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 277 бұйрығымен бекітілген Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына ақшалай өтемақы төлеу қағидаларына сәйкес келесі құжаттар ұсынылады:
1) өтiнiш;
2) жеке басты куәландыратын құжат;
3) ақталғаны туралы прокуратура органдарынан анықтама немесе сот шешімі.
Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарының балалары қосымша туу туралы куәлік не тууды мемлекеттік тіркеу туралы акт жазбасынан үзінді көшірме және прокуратура органдарынан немесе сот органдарынан ата-анасының біреуінің ақталғаны туралы анықтама ұсынады.
Сұрақ: Біржолғы ақшалай өтемақы мөлшері қанша?
Жауап: Заңға сәйкес өтiнiш жасаған күнгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің төрттен үш бөлiгi есебiнен, бiрақ айлық есептік көрсеткiштің 100 еселенген мөлшерінен артық емес ақшалай өтемақы төленеді.
Қорытынды: Жаппай саяси қуғын-сүргiндерге ұшыраған адамдарға қатысты әдiлеттiлiктi қалпына келтiруге, ақтауға, оларға тигiзген моральдық және материалдық залалды қазiргi уақытта барынша мүмкiн болатын өтеудi қамтамасыз ету мақсатында осы Заңды қабылдаған.