Меню

Страницы

Статья

Сәйкестік туралы декларацияға қол қою

Қызмет бағыттарының бірі – объектілердің халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету бөлігінде сәйкестік туралы декларацияны қарау және оған қол қою.

Осы бағыт шеңберінде объектіде халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары мен мүгедектігі бар адамдардың кедергісіз кіруі мен жүріп-тұруы үшін жағдайлардың қамтамасыз етілгенін растауды көздейтін сәйкестік туралы декларацияның 13-тармағы қаралады.

Декларацияны қарау барысында жобалық құжаттамада көзделген және объектіде іс жүзінде іске асырылған шешімдердің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтары үшін объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарына сәйкестігі бағаланады.

Қарау нәтижелері бойынша объект белгіленген талаптарға сәйкес келген жағдайда, сәйкестік туралы декларацияға қол қойылады.

Сәйкестік туралы декларацияны қарау және оған қол қою мәселелері бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы  реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаментіне жүгіну қажет.

Дата публикации
28 августа 2026
Дата обновления
28 августа 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Пайдалы ақпарат
23 октября 2026
Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді орта: бақылау және анықталған бұзушылықтарды жою
Пайдалы ақпарат
22 октября 2026
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
Пайдалы ақпарат
21 октября 2026
Әлеуметтік қорғау саласындағы заңнама талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы