Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 603 496 адамды құрайды. 

Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 525 475 адам, оның ішінде:

- зейнеткерлер – 349 408 адам;

- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 724 адам;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 15 433 адам;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 587 адам;

- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы – 12 829 адам;

- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы – 58 579 адам;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға  күтім бойынша жәрдемақы –6 969 адам;

- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 024 адам;

- көп балалы аналар – 19 502 адам;

- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 2 адам.

Ағымдағы жылдың наурыз айында жалпы 12 663, әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың наурыз айына қарағанда 0,4%-ке көбейген. Оның ішінде:

- жаңа тағайындалғандар 7 673 немесе 2,1%-ке азайған;

- қайта қаралып бекітілгендер 4 990 немесе 4,3%-ке көбейген.

//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың наурыз айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 12 622, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 7837, қайта қаралғандар 4785//.

Сонымен қатар, 335 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейтетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 25, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 309. Өткен жылы 523-ді құраған немесе 56,1%-ке азайған.

//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша –  еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//

 

  

 

Дата публикации
06 апреля 2026