Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттінің 2021 жылдың II тоқсанның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша орталық мемлекеттік органның, оның ведомствосының, аумақтық органдарының, ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысы туралы есебіне қосымша аналитикалық анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген әлеуметтік төлемдер туралы Ережелердегі қосымшалары және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялық және әуәғарыштық өнеркәсіптік Министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі» және 2020 жылғы 17 қазанда №39/НҚ өзгерістері бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тізілімінде 15 мемлекеттік қызмет түрі тіркелген. Мемлекеттік қызметтер түрлері:
2021 жылдың II есептік тоқсанында барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны – 34111 құрады, онын ішінде Коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны – 25509, электрондық үкімет «веб-портал» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны – 2692, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны – 5910 .
Есеп мерзімде мемлекетік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтар болған жоқ.
Есептік кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылу туралы арыздар түскен жоқ.
Есеп мерзімде мемлекетік қызмет көрсету саласындағы бас тарту кезінде бұзушылықтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары бұзылып және осы бойынша қабылданған шаралар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың құқықтарын қайта келтіру бойынша мән –жайлар болған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстары өткен жоқ.
2021 жылдың сәуір және маусым айында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалында Департамент бөлім басшысы және бас маманымен мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Заңның тәртіптерін сақтау және бұзбау туралы 2 рет техникалық сабақ өткізілді.
2021 жылғы 30 маусымда Департамент және Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы бірлескен жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талғар аудандық бөлімшесінде қоғамдық ұйымдарының, бұқаралық ақпарат және халықтын қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсініктемелер берілді.
Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық - әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген "Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының" 2-1-қосымшасы "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/ немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" (бұдан әрі-Стандартына) сәйкес халыққа мемлекттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.
2021 жылдың 2 тоқсанында департаменттің медициналық – әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдері 5910 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2020 жылдың 2 тоқсанына қарағанда 1303 мемлекеттік қызметке коп (4607). Оның ішінде 1449 адам алғашқы куәландырылды ( 2020ж. 2 тоқ. – 993), 4016 адам қайта куәландырылды (2020ж. 2 тоқ. – 3490).
Осылайша, көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының артуы қайта куәландыру санының ұлғаюымен байланысты.
2021 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандартта белгіленген мерзімдерді бұзу жағдайлары анықталған жоқ.
2021 жылдың 2 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартудың 1 жағдайы тіркелді (2020 жылдың 2тоқсанында – 1). Стандарттың 9-тармағына сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты негізделген бас тарту. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін МӘС бөлімдері Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетті.
Мүгедектікті белгілеу бойынша қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудандық орталықтарға көшпелі отырыстар жоспарланады, көшпелі отырыстардың кестелері жыл басында медициналық ұйымдардың ДКК төрағаларына жеткізіледі. 2021 жылдың 2 тоқсанында Департаменттің МӘС бөлімдері мен МӘС әдіснама және бақылау бөлімі 58 көшпелі отырыстар өткізді (2020 жылдың 2 тоқсанында – 49 отырыс).
Бұдан басқа, МӘС бөлімдері алғаш рет мүгедек деп танылған адамдар үшін электрондық композиттік қызмет көрсетеді. Композиттік электрондық қызмет көрсету кезінде мүгедек алғашқы куәландыру кезінде МӘС бөліміне мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды тапсыра алады. 2021 жылдың 2 тоқсанында алғаш рет куәландырылушы мүгедектерге композиттік қызмет форматында 1016 қызмет, өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 1448 қызмет көрсетілді.
Есепті кезеңде МӘС бөлімдері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 7 семинар – кеңес өткізді, 1 мақала жарияланды. "Адал көмек" жобасының алаңында онлайн режимінде, Instagramm және Facebook әлеуметтік мессенджерлері арқылы МӘС бөлімдерінің басшылары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 6 тікелей эфир өткізді. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 13 семинар-кеңес өткізілді.