Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттінің 2021 жылдың III тоқсанның Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша орталық мемлекеттік органның, оның ведомствосының, аумақтық органдарының, ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысы туралы есебіне қосымша аналитикалық анықтамасы.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің бұйрығымен бекітілген әлеуметтік төлемдер туралы Ережелердегі қосымшалары және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялық және әуәғарыштық өнеркәсіптік Министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімін бекіту туралы» реестрде және 2020 жылғы 17 қазанда №39/НҚ өзгерістері бойынша көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет тізілімінде 15 мемлекеттік қызмет түрі тіркелген. Мемлекеттік қызметтер түрлері:
2021 жылдың III есептік тоқсанында Коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы 14 мемлекеттік қызметтер көрсетіледі, Департаментпен қағаз түрінде «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметі көрсетіледі.
Барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 38010 құрады, онын ішінде Коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны 31047, электрондық үкімет «веб-портал» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны 2621, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны – 4342.
Есеп мерзімде мемлекетік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтар болған жоқ.
Есептік кезенде мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері бұзылу туралы арыздар түскен жоқ.
Есеп мерзімде мемлекетік қызмет көрсету саласындағы бас тарту кезінде бұзушылықтар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары бұзылып және осы бойынша қабылданған шаралар болған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың құқықтарын қайта келтіру бойынша мән –жайлар болған жоқ.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстары өткен жоқ.
2021 жылғы 21 шілдеде Департамент және Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалы бірлескен жемқорлыққа қарсы күрес бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талдықорған қалалық бөлімшесінде қоғамдық ұйымдарының, бұқаралық ақпарат және халықтын қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсініктемелер берілді. Облыстық «Жетісу» телеарнасына зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұхбат берілді.
Облыстық «Огни Алатау» газетіне зейнетақымен қамсыздандыру бойынша келісім туралы түсініктеме берілді.
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалында 2 рет, Талдықорған қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінде Департамент бөлім басшысы және бас маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Заңның тәртіптерін сақтау және бұзбау туралы техникалық сабақтар өткізілді.
ZOOM арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының мамандарымен және аудандық, қалалық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің мамандарымен «Жол картасын» орындау барысында жемқорлықтың жолдарын болдырмау бойынша Департамент бөлім басшысы және бас маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру, заңнамаларға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы » Заңның тәртіптерін сақтау және бұзбау туралы 2021 жылдың 20 тамызында, 2021 жылдың 8 қырқүйегінде техникалық сабақтар өткізілді.
ZOOM арқылы 2021 жылғы 27 тамызда Департаменттің бөлім басшысы жемқорлыққа қарсы күрес бойынша Жол картасын орындау барысында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының және әлеуметтік қамсыздандыру аудандық, қалалық бөлімшелерінің мамандарымен, Талдықорған қаласының Ардагарлер қоғамының, Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарлама және азаматтық актілер тіркеу бөлімінің қатысуымен «Ашық есік күні» өткізілді. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсету туралы түсініктемелер берілді, қойылған сұрақтарға жауаптар берілді.