2021 жылдың 1 тоқсанына мемлекеттік қызметтер бойынша есеп

        Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші - қон Комитетінің Алматы облысы бойынша департаменттінің  2021 жылдың I тоқсанның   Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша орталық мемлекеттік органның, оның ведомствосының, аумақтық органдарының, ведомствоға қарасты ұйымдардың жұмысы туралы  есебіне қосымша аналитикалық   анықтамасы.

 

      Мемлекеттік қызметтер  2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 «Әлеуметтік – еңбек  саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»   Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  бұйрығымен бекітілген   Стандарт,    Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің  бұйрығымен бекітілген   әлеуметтік төлемдер туралы Ережелердегі  қосымшалары және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялық және әуәғарыштық  өнеркәсіптік Министрінің 2020 жылғы 31 қаңтардағы №39/НҚ бұйрығымен бекітілген  «Мемлекеттік қызмет көрсету тізілімі»  және 2020 жылғы 17 қазанда №39/НҚ  өзгерістері бойынша  көрсетіледі.

          Мемлекеттік қызмет  тізілімінде 15 мемлекеттік қызмет түрі тіркелген.  Мемлекеттік қызметтер түрлері:

  1. Жасына байланысты зейнетақы төлемдерің тағайындау;
  2. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерді тағайындау;
  3. Мүгедектігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
  4. Асыраушысынан айырылған жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау;
  5. Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау;
  6. Мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды тағайындау;
  7. Мүгедек баланы тәрбиелейтін анасына, әлде әкесіне, асырап алушысына жәрдемақы тағайындау;
  8. Бала тууына және оның күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау;
  9. Жерлеуге байланысты төленетін жәрдемақыны тағайындау;
  10. «Қызметкерлердің өмірі немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғаларды Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдерді тағайындау»;
  11. «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау».
  12. Инфляцияның деңгейін ескере отырып, нақты еңгізілген міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі.
  13. «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, I және  II дәрежелі «Ана данқы» ордендетімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік  жәрдемақыны тағайындау.
  14. «Бірінші  топтағы бала жасынан мүгедекке күтім көрсету үшін жәрдемақы тағайындау».
  15. Көп балалы отбасыға берілетін жәрдемақыны тағайындау.

2021 жылдың  I  есептік тоқсанында барлық көрсетілген мемлекеттік қызметтін  саны –  33206 құрады, онын ішінде Коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Азаматтарға арналған Үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» арқылы   көрсетілген мемлекеттік қызметтін саны –24853, электрондық  үкімет «веб-портал» арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтін  саны – 2261, қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтін  саны – 6092 .

          Есеп мерзімде мемлекетік қызмет көрсету саласындағы заң бұзушылықтар болған жоқ.  

        Есептік кезенде мемлекеттік қызмет көрсету  сапасына  және мемлекеттік қызмет көрсету   мерзімдері бұзылу туралы  арыздар  түскен жоқ.

          Есеп мерзімде мемлекетік қызмет көрсету саласындағы  бас тарту кезінде бұзушылықтар болған жоқ.  

          Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтары бұзылып және осы  бойынша   қабылданған шаралар болған жоқ.

          Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызмет алушылардың құқықтарын қайта келтіру бойынша мән –жайлар  болған жоқ.

          Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстары   өткен жоқ.

          2021 жылдың қаңтар айында «Жетісу» облыстық  газетінде департамент басшысының «Зейнетақы және жәрдемақы өсті» атты мақаласында  зейнетақы және жәрдемақы мөлшерлерінің қөбейтілуы туралы түсініктеме берілді.

          2021 жылдың қаңтар  айында Алматы облыстық  «Жетісу – адалдық алаңы» ақпарат алаңында 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы және жәрдемақылардың мөлшерлері көбейтілуы туралы Департамент  басшысы орынбасарының м.а. тікілей эфирде түсініктеме  берді. Қойылған сұрақтарына жауаптар берілді.

          «Азаматтарға арналған  үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Алматы облысы бойынша филиалының Талдықорған қалалық  әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімінің мамандарына  Департаменттің басшысы орынбасарының м.а.  мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасын арттыру  және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы »  Заңның тәртіптерін сақтау және бұзбау туралы  техникалық сабақ  өткізді.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші – қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің медициналық - әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген "Медициналық – әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының" 2-1-қосымшасы "Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/ немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау" (бұдан әрі-Стандартына) сәйкес халыққа мемлекттік қызмет көрсетеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және/немесе қағаз түрінде.

2021 жылдың 1 тоқсанында департаменттің медициналық – әлеуметтік сараптама (МӘС) бөлімдері 6092 мемлекеттік қызмет көрсетті, бұл 2020 жылдың 1 тоқсанына қарағанда 292 мемлекеттік қызметке аз (5800). Оның ішінде 1362 адам алғашқы куәландырылды ( 2020ж. 1 тоқ. – 1392), 4730 адам қайта куәландырылды (2020ж. 1 тоқ. – 4408).

Осылайша, көрсетілген мемлекеттік қызметтер санының артуы қайта куәландыру санының ұлғаюымен байланысты.

2021 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Стандартта белгіленген мерзімдерді бұзу жағдайлары анықталған жоқ.

2021 жылдың 1 тоқсанында мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдаудан бас тартудың 5  жағдайы тіркелді (2020 жылдың 1 тоқсанында – 5). Стандарттың 9-тармағына сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және Стандарттың 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынуға байланысты негізделген бас тарту. Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту себептерін жойғаннан кейін МӘС бөлімдері Стандартта белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызмет көрсетті.

Мүгедектікті белгілеу бойынша қызмет көрсетудің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін аудандық орталықтарға көшпелі отырыстар жоспарланады, көшпелі отырыстардың кестелері жыл басында медициналық ұйымдардың ДКК төрағаларына жеткізіледі. 2021 жылдың 1 тоқсанында Департаменттің МӘС бөлімдері мен МӘС әдіснама және бақылау бөлімі 73 көшпелі отырыстар өткізді  (2020 жылдың 1 тоқсанында – 76 отырыс).

Бұдан басқа, МӘС бөлімдері алғаш рет мүгедек деп танылған адамдар үшін электрондық композиттік қызмет көрсетеді. Композиттік электрондық қызмет көрсету кезінде мүгедек алғашқы куәландыру кезінде МӘС бөліміне мүгедектігі бойынша әлеуметтік жәрдемақы тағайындау үшін құжаттарды тапсыра алады. 2021 жылдың 1 тоқсанында алғаш рет куәландырылушы мүгедектерге композиттік қызмет форматында 1209 қызмет, өткен жылдың ұқсас кезеңінде – 1118 қызмет көрсетілді.

Есепті кезеңде МӘС бөлімдері мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 6 семинар – кеңес өткізді, 1 мақала жарияланды. "Адал көмек" жобасының алаңында онлайн режимінде, Instagramm және Facebook әлеуметтік мессенджерлері арқылы МӘС бөлімдерінің басшылары мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша 2 тікелей эфир өткізді. 2020 жылдың ұқсас кезеңінде 1 семинар-кеңес өткізілді.

Дата публикации
08 апреля 2021