Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласы:

Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 615 631 адамды құрайды.  

Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 531 023 адам, оның ішінде:

- зейнеткерлер – 181 465 адам;

- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 920 адам;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 14 527 адам;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 372 адам;

- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –14 743 адам;

- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –56 869 адам;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға  күтім бойынша жәрдемақы –7 035 адам;

- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 224 адам;

- көп балалы аналар – 19 925 адам;

- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 1 адам.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында жалпы 22 026 әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың қыркүйек айына қарағанда 11%-ға көбейген.Оның ішінде:

- жаңа тағайындалғандар 7 759 немесе 0,09%-ға көбейген;

- қайта қаралып бекітілгендер 14 267 немесе 17,9%-ке көбейген.

//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың қыркүйек айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 19 846, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 7 748, қайта қаралғандар 12 098//.

Сонымен қатар, 210 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 8, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 202. Өткен жылы 594-ді құраған немесе 180,9%-ға азайған.

//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша –  еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//

 

 

Дата публикации
05 октября 2026