2026 жылғы 31 тамыздағы статистикалық деректерге сәйкес Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсететін 36 ұйым бар. Барлық 36 ұйым лицензия алған (барлығы 4 689 қызмет алушы), оның ішінде 19-ы мемлекеттік мекеме және 17-сі үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ).
Гибридті лицензияларды ескере отырып, АӘҚ көрсету бағыттары бойынша:
* жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсететін – 14 ұйым, 1 245 адам;
* стационарлық жағдайда қызмет көрсететін – 5 ұйым, 1 028 адам;
* уақытша болу жағдайында қызмет көрсететін – 2 ұйым, 130 адам;
* үйде қызмет көрсететін – 14 ұйым, 2 286 адам.
Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша лицензиясы бар 64 бөлімшенің ішінде:
* 35 бөлімше мемлекеттік секторда;
* 30 бөлімше жеке секторда (ҮЕҰ) қызмет көрсетуде.
Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 30 бөлімше келісімшарттар жасасқан, оның ішінде 14-і ҮЕҰ.
«Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру»
1. Облыс бойынша Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы саны – 1 501.
Қолжетімді – 1 248, оның ішінде:
* тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 1 232;
* кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 1 230;
* есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1 248;
* көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1 230.
Ішінара қолжетімді – 268, оның ішінде:
* тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 266;
* кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 270;
* есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 247;
* көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 268.
Қолжетімсіз – 2, оның ішінде:
* тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 0;
* кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 0;
* есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 2;
* көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 0.
2. Ұйымдар бөлінісіндегі қолжетімді объектілер:
* денсаулық сақтау объектілері – 269;
* білім беру объектілері – 595;
* мәдениет объектілері – 132;
* сауда және қызмет көрсету объектілері – 35;
* мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 138;
* өзге де объектілер – 78.
Мүгедектігі бар адамдардың абилитация және оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыру үлесінің мониторингі
1. Оңалтудың техникалық құралдарына мұқтаждардың жалпы саны – 21 930, оның ішінде түрлері бойынша:
* протездік-ортопедиялық көмек – 4 372;
* сурдологиялық көмек – 327;
* тифлотехникалық құралдар – 687;
* кресло-арбалар – 596;
* санаторий-курорттық емдеу – 6 539;
* жеке көмекші қызметі – 1 791;
* ымдау тілі қызметі – 450;
* міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 7 166.
2. Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілгендердің жалпы саны – 14 840, оның ішінде түрлері бойынша:
* протездік-ортопедиялық көмек – 2 767;
* сурдологиялық көмек – 221;
* тифлотехникалық құралдар – 485;
* кресло-арбалар – 508;
* санаторий-курорттық емдеу – 2 300;
* жеке көмекші қызметі – 1 738;
* ымдау тілі қызметі – 319;
* міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 6 502.
Сұрыптау шараларын профилактикалық бақылау шеңберінде уақтылы ұйымдастыру
Алматы облысы бойынша әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік инспекторлар 2026 жылдың басынан бастап 35 тексеру жүргізді.
Оның ішінде:
* 26 субъектінің (объектінің) баруына байланысты профилактикалық тексеру;
* 9 жоспардан тыс тексеру.
Тексеру нәтижелері бойынша 32 субъектіге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес нұсқамалар берілді.
Жеке тұлғалардың шағымдары негізінде 9 субъектінің (объектінің) қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 5 субъект (объект) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 1 600 250 теңгені (бір миллион алты жүз мың екі жүз елу теңге) құрады.
Сонымен қатар, Алматы облысының прокуратурасы және Қарасай ауданының прокуратурасының талаптары бойынша 67 субъект (объект) Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әкімшілік істер қысқартылған іс жүргізу тәртібімен қаралды. Салынған айыппұлдардың сомасы 8 131 000 теңгені (сегіз миллион бір жүз отыз бір мың теңге) құрады.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 731 250 теңгені (тоғыз миллион жеті жүз отыз бір мың екі жүз елу теңге) құрады.
Департаменттің әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі берілген нұсқамалардың орындалу мерзімдерінің сақталуына және анықталған барлық бұзушылықтардың жойылуына тұрақты түрде бақылау жүргізеді.