Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 612 400 адамды құрайды.
Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 522 363 адам, оның ішінде:
- зейнеткерлер – 180 787 6адам;
- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 979 адам;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 12 533 адам;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 422 адам;
- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –13 495 адам;
- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –51 580 адам;
- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 7 098 адам;
- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 221 адам;
- көп балалы аналар – 19 959 адам;
- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 2 адам.
Ағымдағы жылдың тамыз айында жалпы 17 004 әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың тамыз айына қарағанда 0,14%-ға азайған.Оның ішінде:
- жаңа тағайындалғандар 7 447 немесе 9,3%-ға азайған;
- қайта қаралып бекітілгендер 9 557 немесе 7,5%-ке көбейген.
//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың тамыз айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 17 029, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 8 140, қайта қаралғандар 8 889//.
Сонымен қатар, 253 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 18, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 232. Өткен жылы 314-ді құраған немесе 20%-ға азайған.
//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша – еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//