Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32922 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабының 5) тармақшасының жиырма екінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларының 3-тармағының 30) тармақшасын, 8-тармағының 7) тармақшасын, 10, 11, 12-тармақтарын, 15, 16-тармақтарын, 17-тармағының екінші бөлігін, 20-тармағының 3) тармақшасын, 24-тармағының 2) тармақшасын, 25-тармағын, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 48-тармақтарын, 51-тармағының үшінші бөлігін, 56-тармағын, 72-тармағын; Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына 3-қосымшаның 2-тармағының екінші абзацын, 3-тармағының 3) тармақшасын, 7-тармағының 1) тармақшасының үшінші абзацын, 8-тармағының 13) тармақшасының төртінші абзацын, 10-тармағының 4) тармақшасын, 5, 9, 15, 16, 24-қосымшаларын қоспағанда 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі