Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру:

 

Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 611 600 адамды құрайды.  

Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 528 605 адам, оның ішінде:

- зейнеткерлер – 180 194 6адам;

- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 727 адам;

- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 14 451 адам;

- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 452 адам;

- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы –13 265 адам;

- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы –56 640 адам;

- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға  күтім бойынша жәрдемақы –7 003 адам;

- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 152 адам;

- көп балалы аналар – 19 919 адам;

- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 2 адам.

Ағымдағы жылдың шілде айында жалпы 14 123 әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың шілде айына қарағанда 3,5%-ға азайған.Оның ішінде:

- жаңа тағайындалғандар 8 088 немесе 5%-ға азайған;

- қайта қаралып бекітілгендер 6 035 немесе 1,5%-ке азайған.

//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың шілде айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 14 621, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 8 495, қайта қаралғандар 6 126//.

Сонымен қатар, 265 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 13, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 252. Өткен жылы 258-ді құраған немесе 2,6%-ға көбейген.

//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша –  еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//

Дата публикации
04 августа 2026