2026 жылғы 30 шілдедегі статистикалық деректерге сәйкес Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсететін 36 ұйым бар. Барлық 36 ұйым лицензия алған (барлығы 4689 қызмет алушы), оның ішінде 19-ы мемлекеттік мекеме және 17-сы үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ).
Гибридті лицензияларды ескере отырып, АӘҚ көрсету бағыттары бойынша:
Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша лицензиясы бар 64 бөлімшенің ішінде:
Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 30 бөлімше келісімшарттар жасасқан, оның ішінде 14-і ҮЕҰ.
«Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру»
Ішінара қолжетімді – 324, оның ішінде:
Қолжетімсіз – 1, оның ішінде:
Мүгедектігі бар адамдардың абилитация және оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыру үлесінің мониторингі
Алматы облысы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторларымен 2026 жылдың басынан бері 18 тексеру жүргізілді.
Оның ішінде:
Тексеру нәтижелері бойынша 18 субъектіге мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес нұсқамалар енгізілді.
Барлығы 70 заң бұзушылық анықталды, оның ішінде:
Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну бөлігіндегі заңнама талаптарын бұзу бойынша 44 бұзушылық анықталып, оның 32-сі жойылды.
Мүгедектігі бар адамдарды абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларын орындамау фактілері бойынша 15 бұзушылық анықталып, оның 9-ы жойылды.
Мүгедектігі бар адамдардың әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, сондай-ақ мәдениет ұйымдары мен спорт құрылыстарына қол жеткізуін қамтамасыз етпеу фактілері бойынша 11 бұзушылық анықталып, оның 3-еуі жойылды.
Жеке тұлғалардың шағымдары негізінде 6 субъектіге (объектіге) қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізілді. Тексеру нәтижелері бойынша 4 субъекті (объект) Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 83-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істер қысқартылған тәртіппен қаралып, салынған айыппұл сомасы 1 492 125 теңгені (690 АЕК) құрады.
Сонымен қатар, Алматы облысы прокуратурасының және Қарасай ауданы прокуратурасының талаптары негізінде 67 субъекті (объект) Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 83-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істер қысқартылған тәртіппен қаралып, салынған айыппұл сомасы 8 131 000 теңгені құрады.
Салынған айыппұлдардың жалпы сомасы 9 623 125 теңгені құрады.
Департаменттің бақылау бөлімі тарапынан берілген нұсқамалардың орындалу мерзімдерін сақтау және анықталған барлық бұзушылықтардың толық жойылуы тұрақты бақылауда ұсталады.