Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 609 784 адамды құрайды.
Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 529 265 адам, оның ішінде:
- зейнеткерлер – 352 346 адам;
- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 615 адам;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 15 521 адам;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 533 адам;
- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы – 13 244 адам;
- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы – 59 091 адам;
- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 6 970 адам;
- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 071 адам;
- көп балалы аналар – 19 610 адам;
- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 2 адам.
Ағымдағы жылдың мамыр айында жалпы 12 174 әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың сәуір айына қарағанда 17,3%-ке азайған. Оның ішінде:
- жаңа тағайындалғандар 7 647 немесе 10,1 %-ке азайған;
- қайта қаралып бекітілгендер 4 527 немесе 29,4%-ке азайған.
//Салыстырмалы түрде 2025 жылдың мамыр айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 14 282 , оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 8 422, қайта қаралғандар 5 860 //.
Сонымен қатар, 184 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 12, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 172. Өткен жылы 283 -ді құраған немесе 53,8 %-ке азайған.
//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша – еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//