Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау жұмыстарының статистикалық көрсеткіштері

Арнайы әлеуметтік қызметтерді лицензиялау

2026 жылғы 30 сәуіріне статистикалық деректерге сәйкес Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер (АӘҚ) көрсететін 35 ұйым бар. Барлық 35 ұйым лицензия алған (барлығы 4469 қызмет алушы), оның ішінде 19-ы мемлекеттік мекеме  және 16-сы үкіметтік емес ұйымдар (бұдан әрі – ҮЕҰ).

Гибридті лицензияларды ескере отырып, АӘҚ көрсету бағыттары бойынша:

  • жартылай стационарлық жағдайда қызмет көрсететін – 13 ұйым, 925 адам;
  • стационарлық жағдайда – 5 ұйым, 1037 адам;
  • уақытша болу жағдайында – 2 ұйым, 130 адам;
  • үйде қызмет көрсететін – 12 ұйым, 2377 адам.

Алматы облысында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсетуге жан басына шаққандағы қаржыландыруды енгізу бойынша, лицензиясы бар 63 бөлімшенің ішінде:

  • 35 бөлімше мемлекеттік секторда,
  • 29 бөлімше жеке секторда (ҮЕҰ) қызмет көрсетуде.

Қазіргі уақытта Әлеуметтік қызметтер порталында арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша 29 бөлімше келісімшарттар жасасқан, оның ішінде 13-і ҮЕҰ.

 

«Мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі «Amanat» партиясының Жол картасын іске асыру»

  1. Облыс бойынша Қолжетімділік картасына енгізілген объектілердің жалпы саны – 1421.
    Қолжетімді – 1088, оның ішінде:
  • тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 1087;
  • кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 1086;
  • есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1106;
  • көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1088.

Ішінара қолжетімді – 335, оның ішінде:

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 334;
  • кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 335;
  • есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 314;
  • көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 33.

Қолжетімсіз – 1, оның ішінде:

  • тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдар үшін – 0;
  • кресло-арбамен қозғалатын адамдар үшін – 0;
  • есту қабілеті бұзылған адамдар үшін – 1;
  • көру қабілеті бұзылған адамдар үшін – 0.
  1. Ұйымдар бөлінісінде қолжетімді объектілер:
  • денсаулық сақтау объектілері – 233;
  • білім беру объектілері – 598;
  • мәдениет объектілері – 102;
  • сауда және қызмет көрсету объектілері – 22;
  • мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдар – 123;
  • өзге объектілер – 10.

 

Мүгедектігі бар адамдардың абилитация және оңалтудың жеке бағдарламаларының әлеуметтік бөлігін іске асыру үлесінің мониторингі

  1. Оңалтудың техникалық құралдарына мұқтаждардың жалпы саны – 18102, оның ішінде түрлері бойынша:
  • протездік-ортопедиялық көмек – 2300
  • сурдологиялық көмек – 225;
  • тифлотехникалық құралдар – 508;
  • кресло-арбалар – 479;
  • санаторий-курорттық емдеу – 6270;
  • жеке көмекші қызметі – 1756;
  • ымдау тілі қызметі – 445;
  • міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 6119.
  1. Оңалтудың техникалық құралдарымен қамтамасыз етілгендердің жалпы саны – 11857, оның ішінде түрлері бойынша:
  • протездік-ортопедиялық көмек – 1188;
  • сурдологиялық көмек – 137;
  • тифлотехникалық құралдар – 375;
  • кресло-арбалар – 429;
  • санаторий-курорттық емдеу – 1923;
  • жеке көмекші қызметі – 1737;
  • ымдау тілі қызметі – 319;
  • міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету – 5749.

 

Профилактикалық бақылау шеңберінде тексеру іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру

 

Алматы облысы бойынша департаменті Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің (бұдан әрі – бақылау бөлімі) мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары (бұдан әрі – МӘҚИ)  2026 жылдың 01.01. – 31.03 аралығында 11 тексеру жұмыстарын  жүргізді.

Оның ішінде:• бақылау субъектісіне (объектісіне) барып жүргізілген 11 профилактикалық тексеру;• 6 жоспардан тыс тексеру.

Тексеру нәтижелері бойынша 17 субъектіге Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі негізінде мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету саласындағы заңнама талаптарының анықталған бұзушылықтарын жою туралы нұсқамалар енгізілді.

Барлығы 69 бұзушылық анықталды, оның ішінде:• жойылғаны – 41;• жойылмағаны – 28.

Арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін ұсыну бөлігіндегі заңнама талаптарының бұзылуы бойынша 44 бұзушылық анықталып, оның 32-сі жойылды.

Мүгедектігі бар адамдардың абилитациялау және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес оңалту іс-шараларының орындалмауы бойынша 15 бұзушылық анықталып, оның 9-ы жойылды.

Мүгедектігі бар адамдар үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне, сондай-ақ мәдениет ұйымдары мен спорт ғимараттарына қолжетімділікті қамтамасыз етпеу фактілері бойынша 10 бұзушылық анықталып, оның 3-і жойылды.

Жеке тұлғалардың (Досымбетова И.А. және Азырбай Қ.Ж.) шағымдары негізінде 6 субъектіге (объектіге) қатысты жоспардан тыс тексерулер жүргізіліп, нәтижесінде 3 субъект (объект) Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 83-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істер қысқартылған тәртіппен қаралып, салынған айыппұл сомасы 1 384 000 теңгені құрады.

Сонымен қатар, Алматы облысы прокуратурасының 2026 жылғы 14 сәуірдегі №2-04-26-04494 және Қарасай ауданы прокуратурасының 2026 жылғы 24 сәуірдегі №2-0411-26-01776 талаптары негізінде 5 субъект (объект) Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 83-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Әкімшілік істер қысқартылған тәртіппен қаралып, салынған айыппұл сомасы 540 625 теңгені құрады.

Жалпы салынған айыппұл сомасы 1 924 625 теңгені құрайды.

Департаменттің бақылау бөлімімен берілген нұсқамалардың орындалу мерзімдерін сақтау және анықталған барлық бұзушылықтарды жою бойынша тұрақты негізде қатаң бақылау жүзеге асырылуда.

 

Дата публикации
15 мая 2026