Статистикалық мәліметтерге облыс халқының саны 1 606365 адамды құрайды.
Жалпы облыс бойынша әлеуметтік төлем алушылар саны 528 505 адам, оның ішінде:
- зейнеткерлер – 350 894 адам;
- мүгедектігі бойынша жәрдемақы – 32 567 адам;
- асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақы – 15 522 адам;
- арнайы мемлекеттік жәрдемақы – 10 545 адам;
- бала бір жарым жасқа дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы – 12 993 адам;
- көпбалалы отбасыға берілетін жәрдемақы – 58 981адам;
- 18 жасқа дейінгі мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы –6 925 адам;
- І топтағы мүгедектігі бар тұлғаға күтім бойынша жәрдемақы – 3 057 адам;
- көп балалы аналар – 19 609 адам;
- №1,2 тізім бойынша жәрдемақы – 2 адам.
Ағымдағы жылдың сәуір айында жалпы 14 377, әлеуметтік төлемдер тағайындалды немесе 2025 жылдың сәуір айына қарағанда 5,9%-ке азайған. Оның ішінде:
- жаңа тағайындалғандар 8 870 немесе 5%-ке азайған;
- қайта қаралып бекітілгендер 5 507 немесе 7,2%-ке азайған.
//Салыстырмалы түрде2025 жылдың наурыз айында тағайындалған әлеуметтік төлемдер 15 222, оның ішінде: жаңадан тағайындалғандар 9 318, қайта қаралғандар 5 904//.
Сонымен қатар,368 зейнетақы төлемдері мен жәрдемақы тағайындаудан бас тартылды, оның ішінде зейтетақы төлемдері мен жәрдемақылар – 22, мемлекеттік кепілдеме төлемі – 346. Өткен жылы 358-ді құраған немесе 2,7%-ке азайған.
//Тағайындаудан бас тартудың негізгі себептері: зейнетақы төлемдері бойынша – еңбек өтілі расталмаған, шығу елінде еңбек өтілін растайтын құжаттар заңдастырылмаған; көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бойынша – неке бұзылған жағдайда сот шешімі ұсынылмаған және т.б.//