Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру

Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес, азаматтар республикалық бюджеттен де, жинақтаушы зейнетақы қорынан да төлем алуға құқылы. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы тағайындау бойынша мемлекеттік қызметтің 16 түрін көрсетеді. Мемлекеттік қызметтер қолданыстағы заңнамаға сәйкес көрсетіледі, төлемнің мөлшерін есептеу кезінде азаматтың барлық құжаттарды есепке алу құқығын қамтамасыз ету, зейнетақы істерін қалыптастырудағы заң бұзушылықтарды тексеру және анықтау - Департаменттің Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдерінің күнделікті жұмысы. Әлеуметтік төлемдердің түрлері адам туылғаннан бастап, қайтыс болғанға дейін тағайындалады, әлеуметтік төлемдер азаматтардың ең кең санаттарын, Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерді, көп балалы аналарды және т.б. қамтиды. Толығырақ, төменде ұсынылған мемлекеттік қызметтер тізімімен танысуға болады.

Бүгінгі күні Департамент төмендегідей қызмет түрлерін көрсетеді:

1.Жасына  байланысты  зейнетақы төлемдерін  тағайындау;

2.Мемлекеттік  базалық  зейнетақы төлемдерін тағайындау;

3.Мүгедектіктігіне байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

4.Асыраушысынан  айырылу жағдайына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар тағайындау;

5.Арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

6.Арнайы мемлекеттік жәрдемақылар тағайындау;

7.Мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-анаға, бала асырап алушыға, қорғаншыға (қамқоршыға) жәрдемақы тағайындау;

8.Бала тууға және бір жарым жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты жәрдемақыларды тағайындау;

9.Жерлеуге арналған жәрдемақы тағайындау;

10.Банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалар қызметкерлердiң төлемдердi капиталдандыру бойынша әлеуметтік көмекті тағайындау;

11.Инфляцияның деңгейімен міндетті зейнетақы (кәсіптік) жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма төлемі;

12."Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау";

13.Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға бір жолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу;

14.Бірінші топ мүгдектігі бар азаматтарға күтімді жүзеге асыратын азаматтарға мемлекеттік  жәрдемақы тағайындау;

15.Көпбалалы отбасыға жәрдемақы тағайындау;

16.Арнаулы кәсіптік мемлекеттік жәрдемақы тағайындау.

Жоғарыда аталған мемлекеттік қызметтерді зейнетақы және әлеуметтік қамтамасыз ету бөлімдері жүргізеді.

Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау Қазақстан Республикасының 20.04.2023 жылғы Әлеуметтік Кодекс нормаларына сәйкес  жүргізіледі.

 

Документы
Қағида
25 августа 2026
Об утверждении Правил назначения и осуществления единовременной выплаты на погребение из средств республиканского бюджета
Қағида
25 августа 2026
Арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қағида
25 августа 2026
Мүгедектігі бойынша және асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылар мөлшерін есептеу (айқындау), оларды тағайындау, төлеу, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Новости
Полезные материалы
Этностық қазақтардың еңбек өтілін есепке алу
«Асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алу кезінде академиялық демалыста болу кезеңі есепке алынады ма»
Зейнеткер жұмысын жалғастырса, зейнетақысына әсер ете ме?
Медиагалерея
1
Алматы облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің №1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы А. Жанбатыр QONAEV MEDIA телеарнасының «Q-Start» бағдарламасына сұхбат берді. Сұхбат барысында зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері талқыланды.
1
«Күмәнді жазбалары бар еңбек кітапшаларын бақылау туралы»
События
11 сентября
Қарасай ауданында «Ашық есік күні» іс-шарасы өткізілді
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы
Зейнетақы төлемдері қандай параметрлер негізінде тағайындалады?

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жүзеге асырылады.

Зейнетақы (ынтымақты) төлемі 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемiнде алты ай еңбек өтіліне (зейнетақы төлемін толық көлемде алу үшін ерлерге кемiнде 25 жыл еңбек өтілі болған кезде, әйелдерге  кемiнде 20 жыл еңбек өтілі) және 1998 жылғы 1 қаңтарынан бастап жұмыс үзілістеріне қарамастан кез келген үш жыл қатарынан алынған орташа айлық табысына байланысты болады.

Сонымен қатар, жасына байланысты зейнетақы төлемдері толық емес көлемде азаматтарға олардың жасына байланысты зейнетақы төлемін толық көлемде алу құқығы болмаған кезде, 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілінің болуына қарай тағайындалады.

Зейнетақыдан ұстап қалу жүргізілуі мүмкін бе?

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 203 бабына сәйкес зейнетақыдан ұстап қалу атқарушылық іс жүргізу тәртібімен жүргізілуі мүмкін.

Зейнетақыдан ұстап қалу төленуге тиісті сомадан жүргізіледі.

Төленуге тиіс соманың 50 пайыздан астамын зейнетақыдан ұстап қалуға болмайды.

Отбасында екі бала (егіздер) туған жағдайда бала күтімі бойынша бір жәрдемақы тағайындалады ма немесе әр балаға бөлек па?

Бiр жарым жасқа толмаған екi және одан да көп балаға күтімдi жүзеге асырған жағдайда бала күтiмi жөнiндегi жәрдемақы әр балаға тағайындалады және төленедi.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы