Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
e.abdaliev@enbek.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Абдалиев Ерлан Жеңісбайұлы
Департамент басшысының орынбасары
Общая информация, образование

       Ерлан Жеңісбайұлы Абдалиев 1980 жылы Алматы облысы, Қапшағай қаласында дүниеге келген.  Білімі жоғары. 1997 жылдан 2001 жылға дейін Алматы коммерциялық институтының «Қаржы және несие» факультетіне оқуға түсіп, оқып шықты.

Карьера

           Оқудан кейін 22.08.2001 жылдан 12.05.2003 жылға дейін «Қапшағай суда құтқару орталығы» ММ жетекші маман болып еңбек жолын бастады.

            12.04.2004-05.01.2005 «Текелі қаласының экономика бөлімі» ММ маман болып жұмыс істеді.

            08.06.2005-21.09.2009 «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысының орынбасары болып әлеуметтік саладағы еңбек жолын бастады.

            2009 жылдың 21 қыркүйегінен бастап 2018 жылдың 25 қаңтарына дейін «Текелі қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы болып қызметін жалғастырды.

            Бұдан әрі, 2018 жылғы 26 қаңтардан бастап 2020 жылғы 15 мамырға дейін «Алматы облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» ММ басшысының орынбасары лауазымында еңбек етті.

            2021 жылғы 22 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті басшысының орынбасары болып еңбек атқарып келеді.

Социальные медиа

Instagram
Facebook
Telegram
TikTok
Threads

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы