
1971 жылы туған, ұлты – қазақ, Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Ақсуат ауданының Алғабас ауылында дүниеге келген. Білімі - Жоғары. 1997 жылы Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін «Агрономия» мамандығы бойынша, 2005 жылы Алматы экономикалық университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша, 2019 жылы «Сырдария» университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Таскескен ауданындағы «Тас-Бұлақ» кеңшарында құрылыс бөлімінің жұмысшысы болып бастаған.
1997–2011 жылдары «Алматы қонақ үйі» ЖШС-де, «Оазис» қонақ үй кешенінде, «Тау-Отау» аквакешенінде әкімші, басқарушы қызметтерін атқарған.
2012–2015 жылдары О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған физика-математикалық орта мектепте оқу корпусының коменданты болып жұмыс істеген.
2016 жылы Алматы қаласы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінде шаруашылық меңгерушісі қызметін атқарған.
2017 жылдан бастап Алматы облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті департаментінде халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы болып жұмыс істеген.
2022 жылдан бастап халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы қызметіне тағайындалған.