2021 жылғы қарашадан бастап мүгедектіктің себебіне қарамастан 1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жаңа жәрдемақы енгізілді. Жәрдемақы мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 1,4 мөлшерінде белгіленген, 2022 жыл қаңтардан бастап жәрдемақы – 50426 теңгені құрайды.
Жәрдемақы тағайындауға құжаттар тұрғылықты жері бойынша "Азаматтарға арналған үкімет "Мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ Қарағанды облысы бойынша филиалының бөлімшелерінде қабылданады. 1-топтағы мүгедекке күтімді жүзеге асыратын адам, не мүгедектің өзі, не оның заңды өкілі белгіленген үлгідегі өтінішпен жүгінеді, оған мынадай құжаттарды қоса береді:
1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке куәлік, азаматтығы жоқ адамның куәлігі, шетелдіктің тұруға ықтиярхаты не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат). Қандас мәртебесі бар адамдар жәрдемақы тағайындауға өтініш жасаған жағдайда қандас куәлігі беріледі;
2) күтім жасау жүзеге асырылатын адамға қорғаншылықтың (қамқоршылықтың) белгіленгенін растайтын құжат (болған жағдайда); нотариалды сенімхат (мүгедектің заңды өкілі жүгінген жағдайда);
3) күтім жүзеге асырылатын адамның мүгедектігі туралы анықтамасы.
Күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған адамның әрекет қабілеттілігі туралы мәліметтер жеке басын куәландыратын құжат бойынша ҚР Әділет министрлігінің жеке тұлғалардың мемлекеттік деректер қорында (бұдан әрі - ЖТМДҚ) тексеріледі; күтімді жүзеге асырушы ретінде айқындалған тұлға үшін ЖТМДҚ-дан психикалық денсаулық орталығында есепте тұру фактісінің болмауы туралы мәліметтер; 1-топтағы мүгедектің және күтімді жүзеге асыратын адамның (бір қала және (немесе) аудан шегінде) тұрғылықты жерінің тіркелуінің болуы.
Бұдан басқа, 1-топтағы мүгедек күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы тағайындау үшін өтініш жасауға, сондай-ақ:
- "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы;
- бірінші топтағы мүгедектік алғаш рет белгіленген кезде тұрғылықты жері бойынша МӘС бөлімшесіне.
Күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы өтініш жасалған күннен бастап мүгедектіктің бірінші тобы белгіленген бүкіл кезеңге тағайындалады және төленеді.
Отбасында бірінші топтағы екі және одан да көп мүгедек тұратын жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы олардың әрқайсысына тағайындалады және төленеді.
Бірінші топтағы мүгедекке күтім жасауды бірнеше адам жүзеге асырған жағдайда, күтімді жүзеге асыратын адамға жәрдемақы осы адамдардың біреуіне тағайындалады және төленеді.
Бірінші топтағы мүгедек пен күтімді жүзеге асыратын адам бір елді мекенде тұруға тиіс.
Жеке көмекшінің қызметін алу фактісі болған жағдайда өтініш берушіге құжаттарды қабылдаудан бас тартылады.
1-топтағы мүгедектің күтіміне байланысты жәрдемақыны ресімдеуге әлі өтініш білдірмеген және жеке көмекшінің қызметімен қамтамасыз етілмеген барлық адамдарға жәрдемақы тағайындау үшін Мемлекеттік корпорация филиалының бөлімшелеріне немесе жеке көмекшінің қызметін ресімдеу үшін "Қарағанды қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне" міндетті түрде өтініш жасауыңызды сұраймыз.