ҚР ЕХӘҚМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің тапсырмасын және Nur Otan партиясының "өзгерістер жолы: әр адамға лайықты өмір!" 84-т. орындау шеңберінде, департамент облыстың, соның ішінде Шет ауданының бейімделген объектілеріне постбақылау жүргізді.
"Қарағанды облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ ақпараты бойынша Шет ауданында халықтың қауқары аз санатына 13 объект бейімделген.
Барлық нысандарды құрамында департаменттің, ауданның жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің және Nur Otan партиясы филиалының өкілдері бар мониторингтік топ аралады.
Постбақылау нәтижелері бойынша барған 13 объектінің:
- 3 объект толығымен бейімделген;
- Халықтың қауқары аз санаты үшін 5 объектінің қолжетімділігі жоқ;
- 4 нысан ішінара қол жетімді;
- 1 нысан жабық болды, сондықтан тексеру жүргізілмеді.
Сонымен қатар 24.11.2021 жылдан 26.11.2021 жылға дейін "Шет ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" ММ-де "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша профилактикалық бақылау жүргізілді.
Қарағанды облысы бойынша Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы З.Е. Тулешова, жұмыспен қамту бөлімінің басшысы А. С. Тулеуовтың, бөлімінің мамандарының қатысуымен әлеуметтік қызметкерлермен үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізді, үйде қызмет көрсету жағдайында халықты әлеуметтік қорғау саласында арнайы қызмет көрсету Стандартымен жұмыс бойынша түсініктеме берді.