«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарының сақталуы бойыншаағымдағы жылдың 3 мен 4 наурызы аралығында Енбек, әлеуметтік қорғау және қөші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Б. Жаскленовамен «Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ-де профилактикалық бақылау жүргізілді.
Өткізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама жазылды.
Сонымен қатар,халықтың қимылы шектеулі топтары үшін әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізу мәселесі бойынша жиналыс өткізілді. Жиналысқа қатысқандар: Приозерск қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы С.Ж. Бейскеев, Приозерск қаласының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысының м.а. Ж.А. Сарсембеков, Приозерск қаласының кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысының орынбасары А.А. Алтаев, жеке кәсіпкерлер, Приозерск қаласының ардагерлер кеңесі, барлығы 15 адам.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Б. Жаскленовамен тексерістерді және профилактикалық бақылауды жүргізгенде мамандардың қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алатынынқатысушыларға түсіндірді, сонымен қатар жеке және заңды тұлғалардыңмүгедектерге әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кедергісіз қол жеткізуге жағдай жасау міндеттілігі және осындай жағдайлар жасалмағанда «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 83 бабымен қарастырылған жауапкершіліктуралы түсіндірілді.
Кездесу жұмыс атмосферасында өтті, қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылды, Д. Б. Жаскленова толық түсініктеме берді.