"Қарағанды қаласы Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ бару арқылы жүргізілген профилактикалық бақылау туралы ақпарат
"Қарағанды қаласы Октябрь ауданының үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі" КММ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Б.Жаскленова Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" және "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша профилактикалық бақылау жүргізді.
Жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқама берілді.
Сонымен қатар, үйде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету мәселелері бойынша кеңес өткізілді. Жиналысқа бөлім меңгерушілері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесшілер, әлеуметтік қызметкерлер, барлығы 30 адам қатысты.
Кеңес өткізу барысында профилактикалық бақылау жүргізу кезінде анықталған ескертулер мен сәйкессіздіктерге басты назар аударылды.
Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Д.Б. Жаскленова қатысушыларға қызмет алушының жеке жоспарын оның жеке ерекшеліктерін ескере отырып толтыру қажеттілігі, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес жеке жоспардың тоқсан сайынғы мониторингін жүргізу туралы түсіндірді.
Кездесу жұмыс атмосферасында өтті, қатысушыларға сұрақтар қойылды, оларға Д.Б. Жаскленова толық түсіндірме берді.