«Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» және «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарының талаптарының сақталуы бойынша ағымдағы жылдың 2020 жылдың 17 маусымында Енбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы З.Е.Төлешевамен «Қаражал қаласының әкімінің аппараты» ММ-де, «Қаражал қ. Орталық ауруханасы» КМК-да профилактикалық бақылау жүргізілді.
Жоғарыда көрсетілген ұйымдарда жүргізілген бару арқылы профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдері көрсетілген нұсқамалар жазылған.
Сонымен қатар, а.ж. 17 маусымында Қаражал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің ғимаратында әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қол жетімділік мәселесі бойынша кеңес өткізілді және түсініктемелер берілді.
Қатысқандар: "Нұр Отан" партиясы Қаражал қалалық филиалының төрағасының бірінші орынбасары, ТКШ бөлімінің қызметкерлері, әкімдік, халықты жұмыспен қамту орталығының, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мамандары, мемлекеттік мекемелердің басшылары, барлығы 12 адам.
Кеңесте халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділік сұрақтары бойынша, «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы», Заңынын 25 бабын, " Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары ҚР 3.06-01-2011 "Тез бейімделмейтін топтар үшін ғимараттар мен имараттардың қолжетімділігі», ережелер Жинағы ҚР 3.06-101-2012 "Ғимараттар мен имараттарды халықтың қимылы шектеулі топтары үшін қолжетімділіктің есебімен жобалау. Жалпы ережелер" заң нормаларын қолдану бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қоса, әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне мүгедектердің кедергісіз қол жеткізуіне жағдай жасауға, мүмкіндігі шектеулі жандарға шектеусіз орта жасау қажеттілігі бойынша ұсыныстар берілді