Меню

Страницы

Статья

«Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты» ММ жүргізілген профилактикалық бақылау туралы ақпарат

Ағымдағы жылдың 17 маусымында "Сәтбаев қаласы әкімінің аппараты" ММ - де  Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон Комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімінің бас маманы А.Ә. Ақыбаевпен "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңдарының талаптарын сақтау мәселесі бойынша профилактикалық бақылау жүргізілді (әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету). Жүргізілген профилактикалық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою мерзімдерімен нұсқама шығарылды.

Бұдан басқа, мүгедектер үшін әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділікті қамтамасыз ету мәселесі бойынша кеңес өткізілді. Кеңеске Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Т. Әпеков, Сәтбаев қаласының жер қатынастары, қала құрылысы және сәулет бөлімінің басшысы Ж. Н. Данекеева, Сәтбаев қаласының экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ш. М. Әубәрік, Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М. Т. Бапов және қаланың басқа да мемлекеттік мекемелерінің басшылары қатысты. А.Ә. Ақыбаевпен қатысушыларға тексеру және профилактикалық бақылау жүргізу кезінде мамандардың қандай нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алатыны, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың мүгедектерге әлеуметтік және көліктік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізу үшін жағдай жасау міндеттері және осындай жағдайларды қамтамасыз етпегені үшін Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы"Кодексінің 83-бабында қандай жауапкершілік көзделгені туралы түсіндірілді. Кездесу жұмыс жағдайында өтті.

Дата публикации
26 июня 2020
Дата обновления
26 июня 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы