|
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 16 шілдесі № 283 |
|
Бұйрыққа қосымша |
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Біржолғы төлем «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 150-бабының 3-тармағына сәйкес шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты 2020 жылғы шілде айында кірістен айырылу жағдайында бір рет тағайындалады және «Республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген бір ең төмен жалақы мөлшерінде белгіленеді.
1) екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олармен иффилиирленген заңды тұлғалардың, мемлекеттік заңды тұлғалардың (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардың жұмыскерлерінен басқа), акцияларының және жарғылық капиталындағы үлесінің жүз пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың жұмыскерлерін қоспағанда, жалақы сақталмайтын демалыста жүрген жұмыскерлерге;
2) дара кәсіпкерлерге;
3) жеке практикамен айналысатын адамдарға;
4) нысанасы жұмыстарды орындау (қызметтерді көрсету) болып табылатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі – АҚС шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);
5) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлем төлеуші болып табылатын жеке тұлғаларға (бұдан әрі - БЖТ төлеуші) жүзеге асырылады.
Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген негіздер болған кезде аудандық (қалалық) штабтар халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтардың осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайына біржолғы әлеуметтік төлем тағайындаудан бас тарту туралы қорытындысын шығарады.
Аудандық (қалалық) штабтың құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы өңірлік кәсіпкерлер палатасының және кәсіптік одақтардың аумақтық бірлестіктерінің өкілдері кіреді.
Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті орган аудандық (қалалық) штабтың жұмыс органы (бұдан әрі – жұмыс органы) болып табылады.
2-тарау. Біржолғы төлемді ұйымдастыру тәртібі
1) жұмыс берушінің, дара кәсіпкердің, жеке практикамен айналысатын адамның немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша кіріс алатын жеке тұлғаның қызметі шектеу іс-шараларының енгізілуімен шектелмеген жағдайда;
2) жалақысы сақталмайтын демалыста жүрген адамдарды қоспағанда, жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысындағы немесе әлеуметтік демалыстағы адамдарға;
3) еңбек заңнамасына сәйкес тоқтап тұрудың енгізілуіне байланысты жұмысынан босатылған адамдарға;
4) ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында бірыңғай жиынтық төлем (бұдан әрі – БЖТ) төлеу фактісі анықталмаған БЖТ төлеушілерге;
5) АҚС шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден) кіріс алатын, ағымдағы жылғы бірінші жартыжылдықта өздері үшін міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) түспеген жеке тұлғаларға;
6) зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік жәрдемақылар, атаулы әлеуметтік көмек алушыларға, қордан төленетін әлеуметтік төлемдерді алушыларға, жұмыспен қамтуға жәрдемдесу шараларымен қамтылмаған адамдарға және «Халықты жұмыспен қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жұмыс күшінің құрамына кірмейтін, шектеу іс-шаралары енгізілген кезеңде алғаш рет БЖТ төлеген адамдарға;
7) толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелеріндегі адамдарға;
8) біржолғы төлем алушының жоғалтылған кірісі қалпына келтірілген жағдайда тағайындалмайды.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдмардың кірісін жоғалтуы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріндегі мәліметтер негізінде белгіленеді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдарға біржолғы төлем шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайына біржолғы әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш негізінде тағайындалады.
3-тарау. Біржолғы төлемдерді тағайындау тәртібі
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірісінен айырылған адамдардың тізімін және олардың Қағидалардың талаптарына сәйкес келуін жұмыс беруші айқындайды.
Жұмыс беруші осы Қағидалардың талаптарын сақтамаған жағдайда жұмыскер еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органға жүгінеді.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы төлем тағайындауға өтінішті өз бетінше береді.
Өтініштер 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қабылданады.
Қажет болған кезде өтініш беруші осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәсілдермен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жою туралы өтінім беру арқылы біржолғы төлем тағайындауға өтінішті кері қайтарып ала алады.
Өтініш беруші ұсынылған ақпарат пен мәліметтердің дәйектілігін қамтамасыз етеді.
1) «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы;
2) Enbek.kz порталы арқылы;
3) осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар үшін – электрондық үкіметтің telegram-bot-ы және 42500.enbek.kz aitu-bot порталы арқылы;
4) екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары мен интернет-ресурстары;
5) осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін проактивті қызмет арқылы көрсетіледі. Бұл жағдайда әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш талап етілмейді.Әлеуетті өтініш берушіге бір жолғы төлем тағайындауға келісім алу үшін ұялы байланыстың мобильді құралдары арқылы СМС хабарлама жіберіледі.
Осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларына сәйкес берілген өтініш электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырылады. Осы Қағидалардың 3-тармағының 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар өтінішке сондай-ақ СМС арқылы жіберілген бірреттік пароль арқылы қол қоя алады.
Жұмыс органы осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушілер және осы Қағидалардың 3-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген адамдар берген біржолғы төлем тағайындауға өтініштерді осы өтініштер тіркелген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық (қалалық) штабтардың қарауына шығарады
Осы Қағидалардың 3-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдардың біржолғы төлем тағайындауға өтініштері Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне біржолғы төлем тағайындауға өтініш тіркелген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей автоматы түрде жіберіледі.
Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға арналған өтінім Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жоюға арналған өтінім тіркелген күннен кейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей автоматы түрде жіберіледі.
аудандық (қалалық) қорытындылары мен біржолғы төлем тағайындауға өтініштер келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде;
осы Қағидалардың 3-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген адамдардың проактивті форматта келіп түскен, біржолғы төлем тағайындауға келісімі келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде.
Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім жобасын Мемлекеттік корпорация осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген, сондай-ақ келесі жағдайларда қалыптастырады:
Бұдан бұрын берілген өтініштің күшін жою туралы өтінімдер негізінде қалыптастырылған осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешімдердің жобалары автоматы түрде бұның алдында қалыптастырылған ЭІМ-ге қосылады және оларды Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде қор филиалдарына жібереді.
Біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген шарттар болған кезде, сондай-ақ біржолғы төлем алушының осы Қағидалардың 9-тармағында көзделген тәсілдермен берілген осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша біржолғы төлем сомаларын қайтару туралы өтініші негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация әлеуметтік төлемдерге қаражат қажеттілігін күн сайын қалыптастырады.
Ұялы байланыс операторы бір жұмыс күні ішінде біржолғы төлемдер сомасының ұялы байланыс операторы абонентінің өзіне тіркелген жеке шотына түсуін қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорация біржолғы төлемдердің ерікті түрде қайтарылған сомалары Мемлекеттік корпорация шотына келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оларды қорға аударады.
Мемлекеттік корпорация және қор есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей әлеуметтік және біржолғы төлемдердің жүргізілген сомалары, сондай-ақ әлеуметтік және біржолғы төлемдердің артық есептелген (төленген) сомасын қайтару бойынша салыстырып тексеру актісіне қол қояды.
4-тарау. Біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту туралы
қабылданған шешімдерді қайта қарау тәртібі
Аудандық (қалалық) штабтар шешімді қайта қарауға өтінішті 2020 жылғы 1 желтоқсанға дейін қабылдайды.
1) шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірісінен айырылу фактісін растайтын құжаттар;
2) БЖТ төлеушілерді қоспағанда, мемлекеттік кірістер саласындағы уәкілетті орган бекіткен жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық туралы декларация қоса беріледі.
Осы Қағидалардың 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар үшін жұмыс берушінің жұмыскерге (жұмыскерлерге) жалақы сақталмай демалыс беру туралы актісінің үзінділері қоса беріледі.
Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына сәйкес келген жағдайда оларды аудандық (қалалық) штабтардың қарауына ұсынады.
Ұсынылған құжаттар және (немесе) мәліметтер осы Қағидалардың
19-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қайтарылу себебін көрсете отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.
Жұмыс органы қорытынды шығарылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей өтініш беруші ұсынған шешімді қайта қарау туралы өтінішті, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді, сондай-ақ қайта қарау туралы қорытындыны орналастырады және шешімді қайта қарауға өтінішті қарау нәтижелері туралы өтініш берушіні хабардар етеді. Жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қарау туралы қорытындының көшірмесін (оның сұрауы бойынша) ұсынады.
Жұмыс органы осы Қағидалардың 19-тармағында көрсетілген шешімді, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді қайта қарау туралы өтінішпен қоса қайта қарау туралы оң қорытындыны қайта қарау туралы қорытынды шыққан күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жолдайды.
Әлеуметтік төлемдерді тағайындау осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қор аудандық (қалалық) штабтың қайта қарау туралы оң қорытындысын алғаннан кейін біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге және әлеуметтік төлемнен бас тартылған адамға бір жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы хабарлайды.
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган облыстық штабтың жұмыс органы (бұдан әрі – облыстық жұмыс органы) болып табылады.
Өтініш берушінің облыстық штабқа жүгінуі жұмыс органына осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта қарау туралы қорытындымен келіспеу туралы өтінішті, қоса берілген қосымша құжаттармен және (немесе) мәліметтермен бірге (бар болса) жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Облыстық жұмыс органы қорытынды шығарылған күннен бастап бір жұмыс күнінен кешiктiрмей өтiнiш берушi ұсынған келіспеу туралы өтiнiшті, құжаттарды және (немесе) мәліметтерді (бар болса), сондай-ақ қайта қарау туралы қорытындыны орналастырады және үш жұмыс күнінен кешіктірмей жұмыс органы арқылы өтініш берушіге шешіммен келіспеу туралы өтінішті қарау нәтижелері туралы хабарлайды. Облыстық жұмыс органы үш жұмыс күні ішінде өтініш берушіге қайта қарау қорытындысының көшірмесін (оның сұрауы бойынша) ұсынады.
Облыстық жұмыс органы шешіммен келіспеу туралы өтініш, құжаттар және (немесе) мәліметтер (бар болса) қоса берілген өтінішті қайта қарау туралы оң қорытындыны қайта қарау туралы қорытынды шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесіне жолдайды.
Біржолғы төлемді тағайындау осы Қағидалардың 12, 13, 14, 15, 16,
17-тармақтарында айқындалған тәртіппен жүзеге асырылады.
Қор облыстық штаб қайта қарау туралы оң қорытынды шығарғаннан кейін біржолғы төлем тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылдаса, Мемлекеттік корпорацияның бөлімшесі өтініш берушіге және біржолғы төлемнен бас тартылған адамға бір жұмыс күнінен кешіктірмей қабылданған шешім туралы хабарлайды.
|
|
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 1-қосымша
|
|
|
Нысан |
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штабтың
20__ жылғы « __ » _________ № __ қорытындысы
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб шектеу іс-шараларын енгізу салдарынан кірісінен айырылуына байланысты әлеуметтік қолдау көрсетуге
____________________________________________________________________
(ұйымның атауы/өтініш берушінің (Т.А.Ә. (бар болса)
өтінішін қарап, шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағы негізінде шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау жолымен қорытынды шығарды:
€ шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қолдау көрсетуден бас тарту туралы
€ шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындау жолымен шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша әлеуметтік қолдау көрсету туралы
(кажетін таңдау қажет)
Жұмыскерлердің тізімі:
|
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
ЖСН |
Жұмысқа қабылданған күні |
Жалақысы сақталмайтын демалысы басталған және аяқталған күні |
|
|
|
|
|
|
Комиссия төрағасы: ________________________________
Комиссия мүшелері*: ______________________________
_______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
*ескертпе: тек қағаз жеткізгіште
|
|
2-қосымша |
|
|
нысан |
Өтініш
___________________________________________аудандық (қалалық) штабқа
(аудан, қала)
__________________________________________________________________
(ұйымның атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса))
Ұйымның/өтініш берушінің мекенжайы:______________________________
(аудан, қала)
E-mail____________________ телефон______________________________
Сізден шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемдерді жүзеге асыру қағидаларының (бұдан әрі - Қағидалар) 4-тармағы негізінде шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындау жолымен шектеу іс-шараларының енгізілуі салдарынан кірістен айырылуына байланысты ұсынылатын тізім бойынша жалақысы сақталмайтын демалыстағы жұмыскерлерге әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін қарастыруды сұраймын:
|
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) |
ЖСН |
Жалақысы сақталмайтын демалысы басталған және аяқталған күні |
|
|
|
|
|
Кестенің жалғасы
|
Банктің атауы |
Банк шотының нөмірі |
Жұмыскердің мобильді телефон нөмірі |
|
|
|
|
Жалған ақпарат немесе дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Ұйымның басшысы _______________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбамен қол қойылады
|
|
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 3-қосымша
|
|
|
нысан |
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындауға өтініш
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)_____________________________________
ЖСН_____________________________
Әлеуметтік төлем алу тәсілі: банк шоты/ әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке шотына аударуға арналған абоненттік нөмір
Банктің атауы (бар болса)___________________________________
Банк шотының нөмірі (бар болса)_____________________________________
Пошталық мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы)______________
Телефоны__________________E-mail ________________________________
Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша жұмыстарды орындаудан (қызметтерді көрсетуден) кіріс алатын адамдар келесі жолдарды толтыруы қажет:
Шарт нөмірі № ____________шарт жасалған күн 20 __ ж. «__» ________
БСН/ЖСН (шарт жасасқан екінші тараптың) ___________________________
Маған шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.
Біржолғы төлем тағайындау және жүзееге асыру үшін қажетті дербес деректерімді Қазақстан Республикасының заңнамасында жол берілетін кез келген тәсілмен жинауға, өңдеуге, сақтауға және пайдалануға келісім беремін.
Жалған ақпарат пен дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды беру үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің қолы_______________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбамен/SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
|
|
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 4-қосымша |
|
|
нысан |
Өтінім
ЖСН ___________________________________
Телефон ______________ E-mail ____________
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлем тағайындауға бұдан бұрын берген өтінішімді кері қайтарып алуды (немесе тағайындаудан бас тартуды) сұраймын.
Өтініш берушінің қолы _______________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбамен/SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
|
|
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 5- қосымша |
|
|
нысан |
Код _______________________
Облыс (қала) _______________
|
_________________ облысы (қаласы) бойынша шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы __________________________________________________________
1. Тағайындалсын (бас тартылсын): Істің № ________________________________________________________________ Тегі____________________________________________________________________ Аты_____________________________________________________________________ Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________________ Туған күні ______________________ жынысы ________ (күні, айы, жылы) (әйел, ер) Жүгінген күні: 20___ жылғы _________. Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемнің мөлшері 42 500 теңге (қырық екі мың теңге 00 тиын). 2. _________ (себебі көрсетілсін) біржолғы төлемді тағайындаудан бас тартылсын Филиал басшысы________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Филиал маманы___________________________________________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Шешім жобасын дайындаған: Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы_______________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _____________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
|
|
|
||||||
|
|
|
нысан |
||||||
Код _______________________
Облыс (қала) _______________
_______________________ облысы бойынша _____________________
20____ жылғы «___» ___________ № ___ ШЕШІМІ
20__ жылғы «___» ________ бастап
шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді 42 500 теңге (қырық екі мың теңге 00 тиын) сомасында жүргізу тоқтатылсын.
Тегі ______________________________________________________________
Аты ______________________________________________________________
Әкесінің аты (бар болса)_____________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН)
Туған күні ________________________________________________________
(күні, айы, жылы)
Негіз: ___________________________________________________________
(себебі көрсетілсін)
Филиал басшысы _________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Филиал маманы __________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Шешім жобасын дайындаған:
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің басшысы_______________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
Мемлекеттік корпорация бөлімшесінің маманы _________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
|
|
Шектеу іс-шараларының енгізілуіне байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 7 - қосымша |
|
|
нысан |
Өтініш
Тегі, аты, әкесінің аты (әкесінің аты) _______________________________
ЖСН _________________________________________________________
Менің банк шотыма/ әлеуметтік төлем сомасын ұялы байланыс операторы абонентінің жеке шотына аударуға арналған абоненттік нөміріме аударылған шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемнің сомасын қайтаруды сұраймын.
Қызмет алушының пошта мекенжайы (тұрғылықты мекенжайы) ______________
_________________________________________________________________
Телефон____________________ E-mail ____________________________
Өтініш берушінің қолы_______________________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбамен/SMS арқылы жіберілген бір реттік парольмен қол қойылады)
|
|
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 8-қосымша
|
|
|
нысан |
Өтініш
Аудандық (қалалық) штабқа ___________________________________________
(аудан, қала)
Кімнен______________________________________________________________
(ұйымның атауы/өтінім берушінің Т.А.Ә. (бар болса))
Ұйымның/өтінім берушінің мекенжайы: ________________________________
(аудан, қала)
E-mail __________________________ Телефон ____________________________
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау негіздерінің бар/жоғы мәселесін қарауды сұраймын
ұсынылып отырған тізімге сәйкес:
|
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
ЖСН |
Банктің атауы |
Банк шотының нөмірі |
Ұялы телефон нөмірі |
|
|
|
|
|
|
|
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтар саны |
Ескертпе |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Жалған ақпарат пен дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы__________________________________
|
|
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 9-қосымша |
|
|
нысан |
(қажеттісін таңдаңыз)
шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау негіздерінің бар/жоғы
туралы _________ 20__ жылғы « __ »_________ № ____
қорытындысы
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) штаб/облыстық штаб шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарауға өтінішті қарап,
___________________________________________________________,
(ұйымның атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә. (бар болса))
мыналардың негізінде:
1._______________________________________________________________
2.___________________________________________________________________3._________________________________________________________________
(негіздемесін көрсету: негізінде тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау негіздерінің бар/жоғы туралы қорытынды шығарылған құжат, мәліметтер, шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына сілтеме)
шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау негіздерінің бары (жоғы) туралы қорытынды шығарады.
Комиссия төрағасы:__________________________________________
Комиссия мүшелері*:_______________________________________
(қолдары) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))
*ескертпе: тек қағаз жеткізгіште
|
|
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді жүзеге асыру қағидаларына 10-қосымша |
|
|
нысан |
Өтініш
Шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімді қайта қарау туралы аудандық (қалалық) штабтың қорытындысымен, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының шешімімен келіспеу жөнінде
Облыстық штабқа ___________________________________________
(облыс)
Кімнен______________________________________________________________
(ұйым атауы/өтініш берушінің Т.А.Ә.(бар болса))
Ұйымның/өтініш берушінің мекенжайы: ________________________________
(аудан, қала)
E-mail __________________________ Телефон ____________________________
Аудандық (қалалық) штабтың қорытындысын, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры филиалының шектеу іс-шараларын енгізуге байланысты кірістен айырылу жағдайы бойынша біржолғы әлеуметтік төлемді тағайындаудан бас тарту туралы шешімін қайта қарау негіздерінің бар/жоғы мәселесін қарауды сұраймын
ұсынылып отырған тізімге сәйкес:
|
№ |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
ЖСН |
Банктің атауы |
Банк шотының нөмірі |
Ұялы телефон нөмірі |
|
|
|
|
|
|
|
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі:
|
Р/с № |
Құжаттың атауы |
Құжаттағы парақтар саны |
Ескертпе |
|
1 |
|
|
|
|
2 |
|
|
|
Жалған ақпарат пен дәйексіз (дұрыс емес) құжаттарды ұсыну үшін жауапкершілік туралы ескертілді.
Өтініш берушінің Т.А.Ә. және қолы__________________________________
Результаты согласования
Министерство труда и социальной защиты населения РК - Заместитель директора Айнура Александровна Таурбаева, 16.07.2020 19:53:27, положительный результат проверки ЭЦП
Министерство юстиции РК - Исполнящий обязанности министра Наталья Виссарионовна Пан, 16.07.2020 21:16:52, положительный результат проверки ЭЦП
Результаты подписания
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Б. Нурымбетов, 16.07.2020 21:25:46, положительный результат проверки ЭЦП