GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Департамент туралы
Баспасөз орталығы
Байланыс ақпараты
Қызметі
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Статистикалық көрсеткіштер
Өзгерістер мен түсіндірмелер
Все материалы
19 октября 2026
Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға қажетті негізгі құжаттар

Мүгедектігі бойынша жәрдемақы тағайындауға қажетті негізгі құжаттар

Міндетті құжаттар:

1. Жеке куәлік — түпнұсқасы және көшірмесі.
2. Мүгедектікті растайтын анықтама.
3. Өтініш — ХҚКО-да немесе eGov порталы арқылы толтырылады.

Қосымша құжаттар (бар болған жағдайда):

1. Банк шотының деректемелері — жәрдемақыны аудару үшін. Қазақстан Республикасындағы кез келген банктің картасы.
2. Тұрғылықты жері бойынша анықтама.
3. Қорғаншының құжаттары — егер құжаттарды қорғаншы рәсімдейтін болса: қорғаншының куәлігі және соттың немесе қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімі.

19 октября 2026
EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

  EGOV MOBILE ҚОСЫМШАСЫНДА ОТБАСЫНЫҢ ӘЛ-АУҚАТЫН БАҒАЛАУ КАЛЬКУЛЯТОРЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған жаңа сервис пайда болды. Ол 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап кейбір мемлекеттік көмектерді отбасының нақты жағдайы мен мұқтаждығына қарай көрсету тәртібіне көшу аясында іске қосылды.

Калькулятор арқылы азаматтар отбасының әл-ауқатын бағалау талаптарымен танысып, отбасының саламаттылық деңгейін анықтай алады. Бұл ретте отбасының табысы мен мүлкі ғана емес, отбасы құрамы, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы сияқты әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі. Бағалау алты бағыт бойынша 59-дан астам көрсеткішке сүйенеді.

Айта кетерлігі, есеп адамның өзі енгізген мәліметтер негізінде жүргізіледі және тек ақпараттық сипатқа ие. Яғни калькулятордың нәтижесі әлеуметтік төлем тағайындау немесе оны тоқтату туралы шешім болып саналмайды.

14 октября 2026
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев: Әлеуметтік қолдауды бөлу кезінде кірістермен қатар шығыстар да ескеріледі

📌Құрылтай отырысында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев депутат Наталья Рамазанованың Цифрлық отбасы картасын қалыптастыру тетігі туралы қойған сауалына жауап бере отырып, отбасы санатын (А, В, С, D және Е) айқындау кезінде бүкіл отбасы мен үй шаруашылығына қатысты деректер жиынтығы негізге алынатынын атап өтті.

«Мұнда жалақы немесе мүлік сияқты тек бір фактор ескерілмейді. Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік дерекқорлардан үй шаруашылығы туралы сегіз негізгі бағыт бойынша 50-ден астам көрсеткішке қатысты мәлімет жинайды. Олардың қатарында жұмыспен қамту, кірістер, жылжымалы және жылжымайтын мүлік, несиелік жүктеме, білім беру және басқа да мәліметтер бар. Үй шаруашылығының материалдық және әлеуметтік жағдайы туралы жалпы мәліметтер негізінде оның санаты айқындалады»,
— деп түсіндірді Асқарбек Ертаев.

13 октября 2026
МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР 913 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ

МҮГЕДЕКТІГІ БАР АДАМДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ: ӘЛЕУМЕТТІК ИНСПЕКТОРЛАР 913 ТЕКСЕРУ ЖҮРГІЗДІ
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында мүгедектігі бар адамдар мен арнаулы әлеуметтік қызмет алушылардың құқықтарын сақтау бойынша 913 тексеру жүргізілді.
Тексеруді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне қарасты Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттеріндегі мемлекеттік әлеуметтік инспекторлар өткізді.
Нәтижесінде анықталған заңбұзушылықтарды жою туралы 625 нұсқама беріліп, жалпы сомасы 67 млн теңгеден асатын 290 айыппұл салынды.
Тексерулердің 335-і жоспардан тыс жүргізілсе, 452-сі профилактикалық бақылау аясында өтті. Ал 126 тексеру прокуратураның талабы бойынша ұйымдастырылды. Мұндай тексерулер еліміздің барлық өңірін қамтыды. Тексеру ең көп жүргізілген өңірлердің қатарында Алматы облысы (110), Алматы қаласы (81), Астана қаласы (79), Түркістан облысы (63) және Батыс Қазақстан облысы (56) бар.

Өзгерістер мен түсіндірмелер
13 октября 2026
ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕС БҰРЫН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛМЕС БҰРЫН ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТАЛАПТАРЫНА СӘЙКЕСТІГІ ТЕКСЕРІЛЕДІ

2026 жылдың 1 қазандағы мәлімет бойынша ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің аумақтық департаменттеріне пайдалануға берілетін құрылыс нысандарының мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұруы қиын азаматтарға қолжетімділігін растау үшін 562 өтініш түскен. Оның 147-сі бойынша сәйкестік декларациясы келісілген. Бұл – барлық өтініштің 26%-ы. Ал 259 өтінішке, яғни 46%-ына келісім берілмеген. Қалған өтініштер әлі қаралып жатыр.

Келісім берілмеуінің негізгі себептерінің бірі нысандардың құрылыс нормалары мен ережелерінде белгіленген қолжетімділік талаптарына сәйкес келмеуі. Мысалы, кейбір пандустарда тұтқалар жоқ немесе олар дұрыс орнатылмаған. Сондай-ақ ғимараттардың да есіктері тар. Мұндай кемшіліктер азаматтардың ғимаратқа қауіпсіз кіріп-шығуына және ішінде еркін қозғалуына кедергі келтіреді.

12 октября 2026
ЕҢБЕК МИНИСТРЛІГІ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ 90%-ДАН АСТАМЫ ЭЛЕКТРОНДЫ ФОРМАТТА

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі азаматтардың әлеуметтік қолдауды алуын жеңілдету үшін мемлекеттік қызметтерді цифрландыру жұмысын жалғастыруда. Қазіргі уақытта көрсетілетін 49 мемлекеттік қызметтің 45-ін, яғни 91,8 пайызын электронды түрде алуға болады. Ал 28 қызметті проактивті түрде алу мүмкіндігі қарастырылған.

Қызмет түріне қарай азаматтар электронды үкімет порталын, Enbek.kz электрондық еңбек биржасын, eGov Mobile мобильді қосымшасын және екінші деңгейлі банктердің қосымшаларын пайдалана алады. Бұл сервистер арқылы мемлекеттік қызметтерге қашықтан өтініш беруге болады. Осылайша, мекемелерге барудың қажеті азаяды.

Министрлік проактивті қызмет көрсетуді де дамытуда.

Қазіргі уақытта 28 мемлекеттік қызметті проактивті форматта көрсету мүмкіндігі қарастырылған. Бұл жалпы мемлекеттік қызметтер санының 57,1 пайызын құрайды.

09 октября 2026
Сәйкестік декларациясын келісу және объектілердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Сәйкестік декларациясы – құрылыс объектісінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін қолжетімділігін қамтамасыз ету талаптарына сәйкестігін растау мәселесіне қатысты құжат. Түсіндіру барысында объектілерді жобалау және салу кезінде қолжетімді орта қалыптастыру талаптарын сақтау қажеттілігі түсіндірілді. Атап айтқанда, ғимаратқа кіреберістің қолжетімділігі, пандустардың болуы, есіктер мен дәліздердің ені, кедергісіз қозғалыс жолдары, санитариялық бөлмелердің бейімделуі және ақпараттық белгілердің орнатылуы сияқты мәселелерге назар аударылды. Сонымен қатар, объектіні пайдалануға қабылдау кезінде қолжетімділік талаптарының сақталуы маңызды екені, сәйкестік декларациясын келісу үшін объектінің нақты жағдайы қолданыстағы құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес болуы қажеттігі айтылды. Негізгі мақсат – мүгедектігі бар адамдардың және халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарының әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету, олардың қауіпсіз қозғалысына жағдай жасау және қолжетімді орта қалыптастыру.

06 октября 2026
Асыраушысынан айырылған отбасыға – әлеуметтік қолдау.

1-сұрақ: Асыраушысынан айырылған жағдайда жәрдемақы кімдерге тағайындалады?
Жәрдемақы қайтыс болған асыраушының асырауында болған, заңнамада белгіленген еңбекке қабілетсіз отбасы мүшелеріне тағайындалады. Оларға кәмелетке толмаған балалар, мүгедектігі бар балалар және балаларды күтіп-бағатын, жұмыс істемейтін отбасы мүшелері жатады.

2-сұрақ: 18 жастан асқан студенттер жәрдемақыны ала ала ма?
Иә. Күндізгі оқу нысанында білім алатын азаматтарға жәрдемақы оқуын аяқтағанға дейін, бірақ 23 жасқа толғанға дейін төленеді. Академиялық демалыс кезеңі де ескеріледі.

3-сұрақ: Жәрдемақы қай күннен бастап тағайындалады?
Жәрдемақы алу құқығы туындаған күннен бастап тағайындалады. Бұл ретте өткен кезең үшін жәрдемақы өтініш берілген күнге дейінгі 12 айдан аспайтын мерзімге тағайындалуы мүмкін.

4-сұрақ: Жәрдемақы тағайындауға өтінішті қалай беруге болады?
Өтінішті Мемлекеттік корпорация яғни Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы, электрондық үкімет порталы арқылы немесе проактивті форматта беруге болады. Проактивті қызмет кезінде азаматтан жеке өтініш талап етілмейді.

05 октября 2026
ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМАДАН ӨТУ ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК ЕНГІЗІЛУДЕ

 ҚАЗАҚСТАНДА МЕДИЦИНАЛЫҚ-ӘЛЕУМЕТТІК САРАПТАМАДАН ӨТУ ҮШІН ЭЛЕКТРОНДЫ КЕЗЕК ЕНГІЗІЛУДЕ

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік саладағы мемлекеттік қызметтерді цифрландыру және оларды азаматтарға ыңғайлы ету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Осы мақсатта медициналық-әлеуметтік сараптамадан (МӘС) жүзбе-жүз өту үшін электронды кезек енгізілуде. Жаңа сервис азаматтарға қабылдауға алдын ала жазылып, өзіне ыңғайлы күн мен уақытты таңдауға мүмкіндік береді. Бұл ретте кезекте ұзақ уақыт күтудің қажеті жоқ.

Электронды кезек жобасы алдымен Ақмола облысында іске қосылды. Кейін бұл сервис Алматы қаласында да енгізілді.

2026 жылдың 1 қазандағы жағдай бойынша электронды кезекті Ақмола облысында 2 580 адам, ал Алматы қаласында 3 030 адам пайдаланған.

Электронды кезекке Әлеуметтік қызметтер порталы (aleumet.egov.kz) арқылы жазылуға болады. Ол үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау қажет.

Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру
02 октября 2026
Тусіндірме жұмыстары жүргізілді

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің бас маманы М. Утеналиевпен "Азаматтарға арналған Үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамның Атырау облысы бойынша филиалының қызметкерлеріне Е- макет бағдарламасы арқылы көрсетілетін мемлекет қызмет түрлері бойынша әдістемелік көмек ретінде Zoom платформасы арқылы 30.09.2026 жылы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Социальные сети
Еңбек Комитетінің Департаменті
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы