Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауының әлеуметтік-еңбек саласындағы негізгі бағыттарын және ҚР Әлеуметтік кодексі жобасының нормаларын халыққа түсіндіру мақсатында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ұйымдастырған кең ауқымды ақпараттық-түсіндіру науқаны шеңберінде Атырау облысында БАҚ-қа арналған брифинг өтті.
ҚР ЕХӘҚМ көші-қон комитеті төрағасының м.а. Ілияс Испанов пен ҚР ЕХӘҚМ Әлеуметтік көмек департаментінің директоры Айнұр Абдрахманова журналистерге отбасының цифрлық картасын енгізу, жұмыспен қамту және жаңа көші-қон саясаты саласында жаңа саясатты қалыптастыру, балалы отбасыларды қолдау шараларын күшейту, арнаулы әлеуметтік қызметтер жүйесін жаңғырту және зейнетақы жүйесін дамыту туралы айтып берді.