Меню

Страницы

Статья

Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау

     Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау әлеуметтiк қорғау саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін және мүгедектердi әлеуметтiк қорғауды қамтамасыз етудiң, олардың тiршiлiк-тынысы мен қоғаммен етене араласуы үшiн тең мүмкiндiктер жасаудың құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шарттарын айқындайтын «Қазақстан Республикасында мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілермен реттеледі.

Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау жүйесінің бір бағыты арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету болып табылады.

Өмірлік қиын жағдайда жүрген адамдарға, оның ішінде қарт адамдарға, мүгедектерге, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға, адам саудасы мен тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемі көрсетіледі , оған 8 қызмет түрі кіреді.

Әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілерін паспорттау және бейімдеу жолымен кедергісіз ортаны қалыптастыру бойынша жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде, мүгедектерді жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша белсенді шаралар қабылдануда және білім беруде жеңілдіктер ұсынылады.

Сонымен қатар, мүгедектігі бар адамдардың проблемаларын ұлттық деңгейде тиімді шешу үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі 2005 жылы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласында Үйлестіру кеңесін құрылды.

Объектінің қолжетімділігіне сәйкестік декларациясы — объектінің мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі басқа да топтарының қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжат.

Декларацияны келісу объектілерді пайдалануға қабылдау кезінде Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің аумақтық департаменттерімен жүзеге асырылады.

Лицензиялау – бұл уәкілетті мемлекеттік органның арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат беру процесі. Лицензиялау барысында ұйымның заңнамада белгіленген талаптарға сәйкестігі тексеріледі. Тексеру нәтижелері бойынша лицензия беру немесе оны беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.

Арнайы әлеуметтік қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау комитеті жүзеге асырады.

Декларацияны қарау барысында объектінің қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша нақты орындалған шешімдердің бекітілген жобалау-сметалық құжаттамаға, заңнама талаптарына, құрылыс нормаларына және мемлекеттік нормативтерге сәйкестігі бағаланады.

Дата публикации
27 апреля 2020
Дата обновления
30 августа 2026
Тип
Бағыттар

Сейчас читают

29 сентября 2026
Әлеуметтік өзгерістер
29 сентября 2026
Инклюзия
29 сентября 2026
Жұмыспен қамту

Социальные медиа

Еңбек Комитетінің Департаменті

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы