Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету және халықтың жекелеген санаттарын азық-түлік және тұрмыстық жиынтығымен қамтамасыз ету қағидалары

1-тарау. Төтенше жағдай кезеңінде мемлекеттік қызметтерді

көрсету тәртібі

 

  1. Төтенше жағдай кезеңінде келесі мемлекеттік қызметтерді көрсету «Электрондық үкімет» веб-порталындағы (бұдан әрі – Портал) «Электрондық өтініш» сервисі (бұдан әрі – Сервис) арқылы, осы Төтенше жағдай кезеңінде әлеуметтік-еңбек саласындағы кейбір мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкестолтырылған,сондай-ақ, интернет-ресурс арқылы берілген электрондық өтініш негізінде жүзеге асырылады:

1) жасына байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау;

2) мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін тағайындау;

3) мемлекеттік арнайы жәрдемақылар тағайындау;

4) жаңа туған баланы асырап алуға байланысты табысынан айырылу және бала бір жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылу жағдайларына әлеуметтік төлем тағайындау;

5) жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылу жағдайына әлеуметтік төлем тағайындау;

6) қызметкерлердің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеу жөніндегі төлемдерді капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін банкроттық салдарынан таратылған заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының азаматтарына ай сайынғы төлемдер түрінде әлеуметтік көмек тағайындау;

7) мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

8) мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету;

9) жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және естуі бойынша мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін оларға құжаттарды ресімдеу;

10) мүгедектерге кресло-арбалар беру;

11) мүгедектерді санаторлық-курорттық емдеумен қамтамасыз ету;

12) үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

13) медициналық-әлеуметтік мекемелерде (ұйымдарда) арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттар ресімдеу;

14) оралман мәртебесін беру немесе ұзарту;

15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау;

16) арнаулы мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

17) көпбалалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау;

18) бала кезінен бірінші топтағы мүгедектің күтімі бойынша жәрдемақы тағайындау;

19) жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау;

20) мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау;

21) өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;

22) Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды тіркеу, біржолғы мемлекеттік ақшалай өтемақы төлеу, куәлік беру;

23) ақталған адамға куәлік беру;

24) «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту;

25) жұмыс іздеп жүрген адамдар мен жұмыссыздарға жәрдем көрсету.

ереже
Дата публикации
29 апреля 2020