БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау

министрлігі

 

2021 жылғы ___ ________

№ _______

Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

 

2021 жылғы ___ ________

№ _______

Нұр-Сұлтан қаласы

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау

министрлігі

 

2021 жылғы ___ ________

№ _______

Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

 

2021 жылғы ___ ________

№ _______

Нұр-Сұлтан қаласы

 

 

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ

 

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасын іске асыру туралы

 

«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

  1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес пилоттық жобаны іске қосу мерзіміне сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсетудің пилоттық жобасы іске қосылсын.
  2. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі бекітілсін.

3. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы, Алматы қаласы және Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармалары, облыстардың және Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – Денсаулық сақтау басқармалары) осы бұйрық күшіне енген күннен бастап 10 жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне:

 

осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пилоттық жобаға қатысатын медициналық ұйымдардың тізбесін;

осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Пилоттық жобаға оқыту үшін медициналық ұйымдар қызметкерлерінің тізімдерін жіберсін.

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті:

1) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Сырттай куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімін (бұдан әрі – Тізілім) 2021 жылғы 20 маусымға дейін қалыптастырсын;

2) Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің тиісті электрондық өтінімдерін алғаннан күннен бастап бір жұмыс күн ішінде сырттай куәландыруға қатысатын сарапшыларды Тізілімге қоссын және (немесе) одан шығарсын;

3) апта сайын Пилоттық жобаны жүргізудің мониторингін қамтамасыз етсін.

  1. Комитеттің аумақтық бөлімшелері:

1) сырттай куәландыруға қатысатын сарапшылардың көшпелі отырыстар кестесін, демалыс және уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңдерін нақтылау  бөлігінде Тізілімді күн сайын өзектендіріп отырсын;

2) сырттай куәландыруға қатысатын сарапшыны жұмысқа алу және (немесе) жұмыстан босату туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бір жұмыс күн ішінде оны Тізілімге қосу және (немесе) Тізілімнен алып тастау туралы электрондық өтінімді Комитетке жіберсін;

  1. «Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» акционерлік қоғамы пилоттық жобаны әдіснамалық қолдауды және техникалық мәселелер бойынша жедел сүйемелдеуді қамтамасыз етсін.
  2. Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктері өңірді Пилоттық жобаға енгізгенге дейін Пилоттық жобаға қатысушыларды оқытуды ұйымдастырсын.
  3. Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері осы бірлескен бұйрықты аумақтық бөлімшелердің, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және жергілікті атқарушы органдардың назарына жеткізсін.
  4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
  5. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік органдар басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау министрі

______________А. Цой

 

Қазақстан Республикасының

Білім және ғылым министрі

_______________А. Аймағамбетов

 

 

 

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрі

______________С. Шәпкенов

Қазақстан Республикасының

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі

______________Б. Мусин

 

 

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

бірлескен бұйрығына

1-қосымша

 

 

«Мүгедектікті және немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету пилоттық жобасын іске қосу мерзімі

 

№

Субъект (мемлекеттік орган)

Пилоттық жобаның басталу мерзімі

1

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің аумақтық департаменттері

2021 жылғы

1 шілдеден бастап

2

Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы

3

Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасы

4

Ақмола облысының Денсаулық сақтау басқармасы

5

Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

6

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы

7

Солтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

8

Алматы облысының Денсаулық сақтау басқармасы

2021 жылғы

1 тамыздан бастап

9

Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы

10

Түркістан облысының Қоғамдық денсаулық басқармасы

11

Маңғыстау облысының Денсаулық сақтау басқармасы

2021 жылғы

1 қыркүйектен бастап

12

Қостанай облысының Денсаулық сақтау басқармасы

13

Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы

14

Жамбыл облысының Денсаулық сақтау басқармасы

15

Атырау облысының Денсаулық сақтау басқармасы

2021 жылғы

1 қазаннан бастап

16

Шығыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы

17

Қызылорда облысының Денсаулық сақтау басқармасы

18

Ақтөбе облысының Денсаулық сақтау басқармасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

       

 

Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

Қазақстан Республикасы

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

Қазақстан Республикасы

Цифрлық даму, инновациялар және

аэроғарыш өнеркәсібі министрінің

2021 жылғы ___ ______

№ ____

бірлескен бұйрығына

2-қосымша

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі

 

 

1 тарау. Жалпы ережелер

 

  1. Осы «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритмі (бұдан әрі – Алгоритм) проактивті «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдар мен ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимыл процесін айқындайды.
  2. Осы Алгоритмде мынадай негізгі ұғымдар мен қысқартулар қолданылады:

1) дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі – ДКК) – меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан медициналық ұйымда құрылатын комиссия;

2) емдеуші дәрігер – пациентке оны медициналық ұйымда бақылау және емдеу кезеңінде медициналық көмек көрсететін дәрігер;

3) көрсетілетін қызметті алушы (куәландырылатын адам) – медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберілген пациент;

4) қысқа мәтіндік хабарлама (бұдан әрі – sms-хабарлама) - ұялы байланыс операторының ұялы байланыс желісі арқылы ақпаратты қабылдау және беру бойынша көрсететін қызметі;

5) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі – МӘС) – организм функцияларының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттіліктерін белгіленген тәртіппен айқындау;

6) медициналық-әлеуметтік сараптаманың әдіснама және бақылау бөлімі – медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша әдістеме мен бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесінің бөлімі (бұдан әрі – МӘС ӘББ);

7) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі – медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізетін Комитеттің аумақтық бөлімшесінің бөлімі;

8) медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің эксаумақтық сарапшысы – қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын көрсетілетін қызметті алушыларды сырттай куәландыру жүргізетін медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімінің маманы;

9) медициналық-әлеуметтік сараптамаға қорытынды (бұдан әрі – № 031/у нысаны) – осы Алгоритмге 1-қосымшаға сәйкес медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінде толтырылатын және дәрігерлік-консультациялық комиссия төрағасының электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған № 031/у нысаны бойынша құжат;

10) медициналық-әлеуметтік сараптаманың эксаумақтық әдіснама және бақылау бөлімі (бұдан әрі – эксаумақтық МӘС ӘББ) – пилоттық жоба шеңберінде қызмет көрсету аймағынан тыс жерде тұратын көрсетілетін қызметті алушының шағымының негізінде сырттай куәландыру және медициналық-әлеуметтік сараптама мәселелері бойынша бақылау жүргізетін бөлім;

11) медициналық ұйым – негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;

12) мүгедектігі бар адамдардың орталықтандырылған деректер банкі (бұдан әрі – МОДБ) – МӘС бөлімдерінде куәландырудан өткен адамдар туралы мәліметтер бар Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің (бұдан әрі – Еңбекмині) ақпараттық жүйесі;

13) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – мүгедекті оңалтуды жүргізудің нақты көлемін, түрлері мен мерзімдерін айқындайтын құжат;

14) мобильдік азаматтар базасы (бұдан әрі — МАБ) – ұялы байланыс операторлары ұсынған, жылжымалы желінің абоненттік құрылғылары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету және ақпараттық хабарламалар жіберу, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін пайдаланылатын, порталдың есептік жазбасына қосылған азаматтардың абоненттік нөмірлерінің базасы;

15) мультидисциплинарлық топ – пациенттің тыныс-тіршілігінің сипаты мен дәрежесіне, организмнің функциялары мен құрылымдарының бұзылуына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптастырылатын әртүрлі мамандар тобы;

16) ОЖБ-ның медициналық бөлігі (бұдан әрі – № 033/е нысаны) – «Оңалтудың техникалық құралдары» ақпараттық жүйесінде техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын іріктеуді қоса алғанда, медициналық ұйымның ақпараттық жүйесінде толтырылатын, осы Алгоритмге 2-қосымшаға сәйкес № 033/е нысаны бойынша құжат;

17) «Оңалтудың техникалық құралдары» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ОТҚ АЖ) – ОЖБ-ға сәйкес мүгедектерге берілетін техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдар мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын іріктеу процесін автоматтандыруға арналған ақпараттық жүйе;

18) пациент – өзінде аурудың немесе медициналық көмек көрсетуді талап ететін жай-күйдің болуына немесе болмауына қарамастан, медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға.

19) сырттай куәландыру – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің және медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелерінен (бұдан әрі – ҚР ДСМ АЖ) келіп түскен иесіздендірілген құжаттар негізінде медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу;

20) сырттай куәландыруға қатысатын сарапшылардың тізілімі – мамандық бейіні көрсетілген, сырттай куәландыруға қатысатын МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшыларының МОДБ-дағы тізімі;

21) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы – абонент берген ақпаратты беру немесе қабылдау үшін электр байланысы сигналдарын қалыптастыратын және ұялы байланыс операторының желісіне қосылатын, қызмет көрсетілетін аумақ шеңберінде географиялық жағынан айқындалатын тұрақты орналасқан жері жоқ, ұялы байланыс желілерінде жұмыс істейтін, жеке пайдаланылатын байланыс құралы;

22) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиесілілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.

 

 

2-тарау. Медициналық ұйымдардың медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу тәртібі

  1. Пациент динамикалық бақылаудан, диагностикалық, емдеу және оңалту іс-шараларының кешенінен өтеді, ол деректерді медициналық қызметкерлер пациенттің/мүгедектің денсаулық жағдайы туралы мәліметтерді қамтитын медициналық ұйымдардың ақпараттық жүйелеріне (бұдан әрі – МАЖ) немесе ҚР ДСМ АЖ енгізеді.
  2. Аурудың, жарақат салдарының және ақаулардың салдарынан тіршілік-тынысының шектелуіне әкелетін организм функцияларының тұрақты бұзылулары болған кезде емдеуші дәрігер пациенттің тіркелген жері бойынша:

1) мынадай ақпараттық жүйелерде:

«Бекітілген халықтың тіркелімі» (бұдан әрі – БХТ) – медициналық ұйым туралы және пациенттің тіркелген күні туралы ақпарат алу бөлігінде;   

«Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі» (бұдан әрі – ДНЭТ) – пациент туралы, «Д» есебіне алынған күні, тарихи деректері мен АХЖ-10 кодына сәйкес нозологиясы туралы мәліметтер алу бөлігінде;

«Стационарлық науқастардың электрондық тізілімі» (бұдан әрі – СНЭТ) –емделген жағдай туралы мәліметтер алу бөлігінде пациенттің деректерін тексеруді жүргізеді және МӘС-ке жіберу мәселесін шешу үшін құжаттар топтамасын ДКК-ге жібереді;

2) құжаттар топтамасын ДКК-ге ұсынады, ол пациентті МӘС-ке жіберу туралы шешім қабылдайды.

  1. Медициналық ұйымдар анатомиялық кемістіктері бар адамдарды немесе организм функцияларының едәуір немесе өте айқын білінетін бұзылушылықтары бар және оңалту әлеуеті жоқ жазылмайтын науқастарды қоспағанда, еңбекке уақытша жарамсыздық басталған немесе балаларға және жұмыс істемейтін адамдарға диагноз белгіленген сәттен бастап кемінде төрт айдан кейін МӘС-ке жібереді.
  2. Сырттай куәландыруға мынадай:

1) еңбекте мертігумен, кәсіптік аурумен, төтенше экологиялық жағдайлармен, ядролық жарылыстар мен сынақтар жүргізу кезіндегі радиациялық әсермен, ядролық объектілердегі авариялардың салдарларын жоюмен, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын орындаумен байланысты аурулардың, мертігулердің (жараланудың, жарақаттанудың, контузиялардың) себеп-салдарлық байланысы туралы құжаттары жоқ;

2) осы Алгоритмге 3-қосымшаға сәйкес пилоттық режимде сырттай куәландыру жүргізілетін нозологиялық нысандар тізбесіне (бұдан әрі-нозологиялық нысандар тізбесі) сәйкес келетін диагноздары бар пациенттер жіберіледі.

  1. ДКК шешімі шығарылған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде емдеуші дәрігер:

1) Мыналарды:

объективті зерттеп-қараудың, зертханалық және функционалдық зерттеп-қараудың деректерін, оның ішінде осы Алгоритмге 4-қосымшаға сәйкес бекітілген міндетті зерттеп-қараулардың және объективті деректердің тізбесіне (бұдан әрі – тексерулер тізбесі) сәйкес мәліметтерді;

ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөмірін;

кәмелетке толмаған адамның немесе сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамның заңды өкілінің деректерін көрсете отырып № 031/е нысанын толтырады;

2) пациенттен немесе оның заңды өкілінен медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу үшін қажетті, оның дербес деректерін және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді жинауға, өңдеуге және беруге, сондай-ақ ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөмірін МАБ-қа тіркеуге келісімін алып, № 031/у нысанында белгілейді;

3) пациентті сырттай куәландыруға жіберілгені және дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім туралы sms-хабарламаға жауап жіберу қажеттігі туралы хабардар етеді.

  1. МӘС-ке жіберілетін пациенттерге мультидисциплинарлық топ немесе емдеуші дәрігер диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамаларын, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 07 қазандағы № ҚР ДСМ-116/2020 бұйрығымен бекітілген Медициналық оңалту көрсету қағидаларын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21381 болып тіркелген) ескере отырып, МАЖ-да № 033/е нысанын қалыптастырады.
  2. № 033/е нысанында осы Алгоритмге 5-қосымшаға сәйкес оңалтудың техникалық орнын толтырушы (көмекші) құралдары мен арнаулы жүріп-тұру құралдарын ұсыну кезіндегі ақаулар тізбесін ескере отырып, «ОТҚ» АЖ-да тиісті сауалнама толтырылады.
  3. Медициналық тексеріп-қараудың толықтығын, көлемін және адамды МӘС-ке жіберудің негізділігін жолдама берген медициналық ұйымның ДКК төрағасы қамтамасыз етеді.
  4. «Проактивті сырттай куәландыру» белгісі бар № 031/у нысаны мен № 033/е нысаны олар ДКК төрағасының ЭЦҚ-сымен бекітілгеннен кейін автоматтандырылған түрде МАЖ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға жіберіледі.
  5. ҚР ДСМ АЖ-да № 031/е нысанында көрсетілген ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөмірін МАБ-та тіркелу мәніне тексеру жүргізіледі.

Көрсетілген нөмір МАБ-та тіркелмеген жағдайда, пациенттің тиісті келісімі болған кезде ҚР ДСМ АЖ пациенттің немесе заңды өкілінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөмірін тіркеуге өтінім жібереді.

  1. МАБ-та пациенттің немесе оның заңды өкілінің ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөмірі тіркелген кезде, қалыптастырылған № 031/е және № 033/е нысандары ҚР ДСМ АЖ-дан МОДБ-ға интеграциялау арқылы беріледі.
  2. МОДБ-ға келіп түскен құжаттардың толықтығы мен мынадай талаптарға сәйкестігі тексеріледі:

1) № 031/е және № 033/е нысандарының болуы;

2) № 031/у нысанында көрсетілетін қызметті алушының (ЖСН, тегі, аты, туған күні, жынысы, ұялы телефон нөмірі) және заңды өкілінің толтыруға міндетті деректерінің (бар болса) (ЖСН, тегі, аты, ұялы телефон нөмірі), № 031/у нысанының нөмірі мен күнінің, жіберген медициналық ұйым атауының, АХЖ 10 кодының және негізгі диагноз мәтінінің болуы;

3) «проактивті сырттай куәландыру» белгісінің болуы;

4) МАЖ-да № 031/е нысанын қалыптастыру күні бір айдан аспауға тиіс;

5) № 031/е немесе № 033/е нысандарында ЭЦҚ-ның болуы;

6) № 031/е нысандағы медициналық ұйым атауының БХТ деректеріне сәйкестігі;

7) пациенттің немесе оның заңды өкілінің (ата-анасының, қорғаншысының, қамқоршысының) ұялы байланыстың абоненттік құрылғысы нөмірінің МАБ-та тіркелуі.

Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген талаптардың біріне сәйкес келмеген жағдайда № 031/е және № 033/е нысандары себептері көрсетіле отырып, МОДБ-дан қайтару туралы хабарламамен ҚР ДСМ АЖ-ға қайтарылады.

Медициналық ұйым қайтару себебін (себептерін) ескере отырып, № 031/е және № 033/е нысандарын пысықтау және сырттай куәландыруға қайтадан жіберу мәселесін қарайды.

  1. Осы Алгоритмнің 14-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның заңды өкіліне автоматтандырылған режимде ұялы байланыстың абоненттік құрылғысының нөміріне дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім алу үшін sms-хабарлама жіберіледі. Көрсетілетін қызметті алушыдан жауапты күту мерзімі сұрау салуды алған кезден бастап жиырма төрт сағатты құрайды. Күту мерзімі өткеннен кейін қайта сұрау салуды алған сәттен бастап жиырма төрт сағат ішінде жауапты күту мерзімімен sms-хабарлама қайта бір рет жіберіледі.

Дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беру туралы                                     sms-хабарламаға жауап болмаған жағдайда № 031/у және № 033/у нысандары МОДҚ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға қайтарылады.

Көрсетілетін қызметті алушы МОДБ-да автоматтандырылған режимде дербес деректерді жинауға және өңдеуге келіскен кезде мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне мынадай мәліметтерді алу үшін сұрау салу жүзеге асырылады:

1) пациенттің немесе оның заңды өкілінің қайтыс болуы;

2) тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркеудің болмауы;

3) шетелге тұрақты тұруға кеткен адамның өтініш беруі.

Осы тармақтың үшінші бөлігінде көрсетілген фактілердің бірі анықталған жағдайда № 031/е және № 033/е нысандары себебі (себептері) көрсетілген қайтару туралы хабарламамен МОДБ-дан ҚР ДСМ АЖ-ға қайтарылады.

Медициналық ұйым қайтару себебін ескере отырып, № 031/е және (немесе) № 033/е нысандарын пысықтау және пациентті сырттай куәландыруға қайта жіберу қажеттілігі туралы мәселені қарайды.

 

 

3-тарау. МОДҚ-да медициналық-әлеуметтік сараптама актілерін қалыптастыру

 

  1. № 031/е және № 033/е нысандары МОБД-ның «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
  2. МОДБ-да автоматты түрде:
  • осы Алгоритмге 6-қосымшаға сәйкес куәландырылатын адамның келіп түскен медициналық құжаттарының негізінде МӘС актісінің жобасы (бұдан әрі - МӘС актісінің жобасы) қалыптастырылады;

МӘС актісінің жобасына автоматты түрде жасалатын және 14 саннан куәландыру күні мен реттік нөмірден тұратын бірегей нөмір беріледі;

2) медициналық құжаттарда көрсетілген куәландырылатын адамның ЖСН, Т.А.Ә., туған күні, тұрғылықты мекенжайы, жұмыс орны, медициналық ұйымның, медицина қызметкерлерінің және заңды өкілінің деректері иесіздендіріледі;

3) осы алгоритмге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша күту парағы қалыптастырылады;

4) Сырттай куәландыруға қатысатын сарапшылар тізілімінен МӘС бөлімдерінің эксаумақтық үш сарапшысын (бір басшы мен екі бас маман) таңдау жүргізіледі.

МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшыларын таңдау маманның бейінін,  көшпелі отырыстар кестелерін, еңбек демалысының немесе ақысыз демалыстың кезеңдерін, сондай-ақ уақытша еңбекке жарамсыздық кезеңін ескере отырып жүзеге асырылады.

5) МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшыларына МОДБ-дағы иесіздендірілген құжаттарға қолжетімділік болатын МӘС актісі жобасының нөмірі түседі.

 

 

4-тарау. Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібі

 

  1. МӘС Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі – МӘС қағидалары) сәйкес жүргізіледі.
  2. МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары түскен құжаттарды қарайды және МӘС актісі жобасының нөмірі түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде сараптамалық шешім шығарады.

МӘС актісі жобасының нөмірі сағат 16.00-ден кейін түскен жағдайда, сараптамалық шешім шығару мерзімі келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі.

Пилоттық жобаны жүргізу кезеңінде сырттай куәландыру сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі.

  1. Жүргізілген ем аясында диагнозды және аурудың динамикасын растау қажет болған кезде МӘС/МӘС ӘББ бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары медициналық құжаттарды: амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан үзінді көшірмелерді, функционалдық және зертханалық зерттеп-қараудың деректерін, уақытша еңбекке жарамсыздық парағын (анықтамасын), Д-есепке алу туралы мәліметтерді алу үшін ҚР ДСМ АЖ-ға сұрау салуды жүзеге асырады.
  2. МӘС/МӘС ӘБ бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары «МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарламада» белгілеп, «негізсіз жолданған» немесе «сапасыз толтырылған» деген белгімен № 031/е нысанын мынадай жағдайларда қайтарады:

1) МӘС-ке жіберу мақсатының сәйкессіздігі: кәсіптік еңбек ету қабілетінен айырылу (бұдан әрі – КЕҚА) дәрежесін белгілеу, зардап шеккен қызметкердің қосымша көмек түрлеріне және күтімге мұқтаждығын айқындау, мүгедектік себебін өзгерту;

2) № 031/е нысанында мынадай деректердің болмауы: клиникалық-еңбек анамнезі, диагностика, емдеу іс-шаралары, объективті тексеріп-қарау деректері немесе сарапшылардың қорытындылары;

3) диагноздың Нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес келмеуі;

4) Тексеріп-қараулар тізбесіне сәйкес № 031/е нысанында деректердің болмауы;

5) № 031/е нысанында көрсетілген деректердің ҚР ДСМ АЖ-дан сұрау салуларға сәйкес келмеуі;

6) уақытша еңбекке жарамсыздық мерзімдерінің Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 18 қарашадағы № ҚР ДСМ-198/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21660 болып тіркелген) бекітілген Еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптама жүргізу, сондай-ақ еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе анықтамасын беру қағидаларына сәйкес келмеуі;

7) организм функцияларының бұзылу дәрежесін растайтын зертханалық және функционалдық зерттеулер деректерінің болмауы немесе сәйкес келмеуі;

8) Оңалту іс-шаралары жоспарында ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігін әзірлеу үшін қажетті ұсынымдардың болмауы;

9) құжаттардың/мәліметтердің және/немесе оларда қамтылған деректердің дәйексіздігі.

Медициналық ұйымдар «сапасыз толтырылған» деген белгісі бар «МӘС сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама» алған кезде қайтару себептерін талдайды және объективті зерттеп-қараудың, зертханалық және функционалдық зерттеп-қараулардың деректерін, оның ішінде Нозологиялық нысандар тізбесіне сәйкес мәліметтерді көрсете отырып, № 031/е нысанын қайта толтыру және көрсетілетін қызметті алушыны сырттай куәландыруға жіберу мәселесін шешеді.

  1. Мүгедектік белгіленген кезде МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары жүргізілген оңалту-сараптама диагностикасының негізінде, медициналық құжаттардағы оңалту іс-шараларының жоспарын, «Мүгедектерді оңалтудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 26 бұйрығын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10370 болып тіркелген), «ОТҚ» АЖ-дағы сауалнаманың деректерін ескере отырып, ОЖБ-ның әлеуметтік бөлігіне және/немесе кәсіптік бөлігіне іс-шаралар ұсынады.
  2. Сараптамалық шешім эксаумақтық сарапшының ЭЦҚ-сымен қол қойылғаннан кейін осы Алгоритмге 8-қосымшаға сәйкес сараптамалық шешімдер парағын қалыптастыра отырып, «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модуліне түседі.
  3. МОДБ-ның «Тіркелген МӘС актілерінің тізілімі» модулінде сәйкес келген сараптамалық шешімдер (үш сараптамалық шешімнің үшеуі немесе екеуі) негізінде МӘС актісінде көрсетілетін сараптамалық қорытынды қалыптастырылады.

Сараптамалық шешімдер сәйкес келмеген жағдайда (1/1/1) сараптамалық қорытынды МОДБ чатында талқылау арқылы шығарылады. МӘС бөлімдерінің эксаумақтық сарапшылары сараптамалық шешімдерді талқылағаннан кейін және олардың негізінде осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес сараптамалық қорытынды қалыптастырылады. Талқылау қорытындылары бойынша консенсусқа қол жеткізілмеген кезде сараптамалық қорытындыны эксаумақтық сарапшы – МӘС бөлімінің басшысы қабылдайды.

  1. Сараптамалық қорытынды шығарылған кезде автоматтандырылған режимде:

1) медициналық ұйымға - № 031/е нысанындағы «МӘС-тің сараптамалық  қорытындысы туралы хабарлама»;

2) көрсетілетін қызметті алушыға (оның заңды өкіліне) - МӘС жүргізу қағидаларының 37-тармағына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелеріне жүгіну үшін қабылданған сараптамалық қорытынды бойынша құжаттарды «электрондық үкімет» веб-порталынан және/немесе тұрақты тіркелген мекенжайы бойынша Комитеттің аумақтық бөлімшесінен алу мүмкіндігі туралы sms-хабарлама жіберіледі.

  1. Сырттай куәландыру нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның заңды өкіліне мынадай құжаттар:

1) мүгедектік белгіленген жағдайда – МӘС қағидаларына 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектігі туралы анықтама;

2) ОЖБ-ның әлеуметтік/кәсіптік бөлігі әзірленген жағдайда – ОЖБ-ның әлеуметтік/кәсіптік бөлігінен үзінді көшірме;

3) жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі белгіленген жағдайда – МӘС қағидаларына 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесі туралы анықтама;

4) мүгедек деп танылмаған жағдайда – МӘС қағидаларына 17-қосымшаға сәйкес толық оңалту туралы хабарлама;

5) алғашқы куәландыру кезінде мүгедек деп танылмаған жағдайда, ОЖБ-ны әзірлеуге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдердің болмауына байланысты ОЖБ әзірлеуге немесе оны түзетуге негізсіз жіберген жағдайларда - № 031/е нысанындағы «МӘС-тің сараптамалық қорытындысы туралы хабарлама» беріледі, оларда «Сараптамалық қорытынды сырттай шығарылды» деген белгі қойылып, бөлімнің мөрі мен аумақтық МӘС бөлімі басшысының қолы қойылады.

Мүгедектікті растау туралы ақпарат және МӘС қағидаларының                         37-тармағында көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қалыптастырылған және «Сараптамалық қорытынды сырттай шығарылды» деген белгісі бар құжаттардың электрондық нысандары куәландырылатын адамның сұрау салуы бойынша ЭЦҚ болған кезде және/немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, «электрондық үкімет» www.egov.kz веб-порталының «жеке кабинеті» арқылы ұсынылады.

  1. МОДБ-да МӘС актісін қалыптастыру күні мүгедектікті, жалпы еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу күні болып есептеледі.

МОДБ-да осы Алгоритмге 9 және 10-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша МӘС бөлімінің және МӘС әдіснама және бақылау бөлімінің медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу хаттамаларының журналдары автоматты режимде қалыптастырылады.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі сараптамалық қорытындымен келіспеген кезде оған тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге шағым жасайды.

Шағым тұрақты тұрғылықты жері бойынша аумақтық бөлімшеге берілген кезде осы аумақтық бөлімшенің басшысының МӘС мәселелері жөніндегі орынбасары өтініш берушінің деректерін МОДБ-ға енгізеді, онда сараптамалық қорытынды шығаратын эксаумақтық МӘС ӘББ автоматтандырылған режимде айқындалады. Эксаумақтық МӘС ӘББ МӘС актісінің иесіздендірілген деректері негізінде ол келіп түскен күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде сараптамалық қорытынды шығарады және сараптамалық қорытындыны МӘС актісіне қосымшаға енгізеді.

Эксаумақтық МӘС ӘББ шығарылған сараптамалық қорытындымен келіспеген жағдайда, Көрсетілетін қызметті алушы немесе оның заңды өкілі оны шағымды қарайтын басқа органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен не сотқа шағым жасайды.

  1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Білім және ғылым, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері деректерді қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету деңгейінде көрсетілетін қызметтерді алушыдан (заңды өкілден) алынған мәліметтердің рұқсатсыз қол жеткізуден қорғалуын, олардың уақтылы берілуін және өзгермеуін қамтамасыз етеді.
  2. Берілетін деректердің толықтығын, шынайылығын және бұрмаланбауын ақпаратты беретін АЖ тарапы (сервис иесі) қамтамасыз етеді.
  3. Комитеттің және тиісті өңірдің МӘС ӘББ мамандары МӘС-тің жүргізілуіне, оның ішінде эксаумақтық сарапшылардың сараптамалық шешімдері мен қорытындыларының негізділігін бақылауды жүзеге асырады.
  4. Дәйексіз құжаттардың/мәліметтердің және/немесе олардағы деректердің ұсынылуы салдарынан негізсіз шығарылған сараптамалық қорытынды фактілері анықталған жағдайларда, Комитет шығарылған қорытындының мерзіміне қарамастан тиісті өңірдің аумақтық бөлімшесіне көзбе-көз куәландыру жүргізуді жазбаша тапсырады.

МӘС ӘББ көзбе-көз куәландыру нәтижелері бойынша сараптамалық қорытынды шығарады және дәйексіз құжаттарды/мәліметтерді ұсыну салдарынан сараптамалық қорытындының негізсіз шығарылу фактілері расталған жағдайда, аумақтық бөлімше бұл жағдай туралы:

1) көрсетілетін қызметті алушыны МӘС-ке жіберген медициналық ұйымға;

2) «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарау үшін медициналық құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, медициналық және фармацевтикалық бақылау мемлекеттік органының (бұдан әрі –МФБ АБ) аумақтық бөлімшесіне;

3) МӘС бөліміне келіп түскен құжаттарды және МФБ АБ-ға жіберілген хатты қоса бере отырып, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аумақтық департаментіне хабарлайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін проактивті сырттай көрсету кезінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл алгоритміне»

3-қосымша

 

Пилоттық режимде сырттай куәландыру өткізілетін нозологиялық нысандардың тізбесі

 

№

Нозологиялық нысандар

АХЖ 10

 

1.

 

Қатерлі ісіктер:

1.1

Еріннің, ауыз қуысының және жұтқыншақтың қатерлі ісігі

С01 – С 14

1.2

Ас қорыту жүйесінің қатерлі ісіктері

С15 -–С26

1.3

Тыныс алу жүйесінің, жүректің және кеуде қуысының қатерлі ісіктері

С30 -–С39

1.4

Сүйектер мен буын шеміршектерінің қатерлі ісіктері

С40 – С41

1.5

Терінің қатерлі ісіктері, қатерлі меланома

С43 – С44

1.6

Мезотелиалды, дәнекер және жұмсақ тіндердің, ішперде және ішперде артындағы кеңістіктің қатерлі ісіктері

С45 – С49

1.7

Сүт безінің қатерлі ісіктері

С50.0 – С50.9

1.8

Әйел жыныс органдарының қатерлі ісіктері

С51 – С58

1.9

Еркек жыныс органдарының қатерлі ісіктері

С60 – С63

1.10

Зәр шығару жүйесінің қатерлі ісіктері

С64 – С68

1.11

Көз, құлақ, мидың және орталық жүйке жүйесінің басқа бөліктерінің қатерлі ісіктері

С69 – С72

1.12

Қалқанша безінің және басқа да ішкі секреция бездерінің қатерлі ісіктері

С73 – С75

1.13

Дәл орналаспаған, қайталама және анықталмаған учаскелердің қатерлі ісіктері

С76 – С80

1.14

Лимфоидты, қан түзетін және онымен туыс тіндердің қатерлі ісіктері

С81 – С96

1.15

Тәуелсіз (бастапқы) бірнеше локализациядағы қатерлі ісіктер

С97

2.

Барлық локализациядағы туберкулез

А15-А19

2.1

Өкпе туберкулезі

А15.0

2.2

Зәр шығару жүйесінің туберкулезі

А18.1

2.3

Омыртқа, жамбас және / немесе тізе туберкулезі

А18.0

2.4

Орталық жүйке жүйесінің туберкулезі

А17

3.

Ересектердегі қанайналым жүйесінің аурулары - цереброваскулярлы аурулардың салдары: ауыр гемипарез немесе гемиплегия, трипарез немесе триплегия, тетрапарез немесе тетраплегия, қантамырлық деменциямен асқынған ми қан айналымының жедел бұзылыстары

I60.0 - I60.9, I61.0 - I61.9,

I62.0, I62.1, I62.9,

I63.0 - I63.9, I64,

I65.0 - I65.3, I65.8, I65.9, I66.0 - I66.4, I66.8, I66.9, I67.0 - I67.9, I69.0 - I69.4, I69.8 

4.

Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің соңғы сатысындағы ересектердегі зәр шығару жүйесінің аурулары

N18.5 (ересектерде)

5.

Психикалық ауру, оның ішінде ақыл-ойдың кемістігі, балалық аутизм

F00-04, F06.0-06.2,

F71-73, F84.0-84.5

 

6.

Балалардағы 1 типті қант диабеті

Е10 (балаларда)

7.

Туа біткен және жүре пайда болған анатомиялық ақаулар (аяқтың болмауы немесе ампутациясы, рентгендік растау болған кезде, хирургиялық ампутация кезінде - стационарлық науқастың тарихынан алынған үзінділер):

S48, S58, S68, S78 S88, S98, Т05, Q71.0-Q71.3, Q72.0-Q72.3

7.1

Екі қолдың барлық саусақтарының болмауы немесе жоғары деңгейдегі екі қолдың кесілген келтесі

7.2

жамбастың жоғарғы үштен бір деңгейінде екі аяқтың кесілген келтесі

7.3

жоғарғы (иық буынында) және төменгі (жамбас буынында) аяқ-қолдардың біріккен экзартикуляциясының үйлесуі

7.4

Екі жақ қол басының бірінші саусақтарын қоспағанда, барлық төрт саусақтарының фалангаларының болмауы

 

 

7.5

Үш саусақтың, соның ішінде екі қолдың да, барлық фалангтарының болмауы

7.6

екі қолдың сәйкес метакарпальды сүйектерімен бірінші және екінші саусақтардың болмауы

7.7

екі қолдың сәйкес алақан сүйектерімен үш саусақтың болмауы

7.8

иық буынындағы қолдың экзартикуляциясы

7.9

Шопар бойынша аяқтың басының ампутациясы

7.10

Балтырдың келтесі, соның ішінде аяқ басының Пирогов бойынша ампутациясы

7.11

жамбас экзартикуляциясы

7.12

протездеуге жатпайтын жамбас сүйегінің жоғары деңгейлі (жоғарғы үштен бір бөлігі) ампутациясы

7.13

екі аяқтың балтыр немесе жамбастың деңгейінде протезделген ампутациясы

7.14

төрт саусақтың барлық фалангаларының болмауымен біріккен балтырдың немесе бір аяқтың анағұрлым жоғары деңгейдегі ампутациясы немесе бір қолдың анағұрлым жоғары ампутациясы

7.15

бірінші саусақты қоспағанда, қолдың төрт саусағының барлық фалангтарының болмауы

7.16

қолдың бірінші саусағын қосқанда үш саусағының барлық фалангтарының болмауы

7.17

тиісті алақан сүйектерімен қолдың бірінші және екінші саусақтарының болмауы

7.18

тиісті алақан сүйектерімен қолдың үш саусағының болмауы

 

7.19

екі қолдың бірінші саусақтарының болмауы

7.20

қолдың жоғарғы ампутациясы

7.21

Пирогов бойынша ампутациядан кейінгі аяқ басының келтесі, Шопар буыны деңгейіндегі тұйықталған келте және аяқтың жоғары деңгейдегі ампутациясы

7.22

табан сүйектерінің бастарын Шарп бойынша резекциялаумен аяқ басының екі жақты тұқылдары

8.

Даун синдромы

Q90

9.

Трансплантациясынан кейінгі жағдай (жүрек, өкпе, бауыр, бүйрек, ұйқы безі),

жүректің сол жақ қарыншасын (LVAD), толығымен жасанды жүректі (BiVAD) имплантациялаудан кейінгі жағдай (егер бар болса, операцияның барысы сипатталған стационарлық ауру тарихынан үзінділер) – МӘС-ке алғаш рет жолдаған кезде

N18.1-N18.5, N18.8, 18.9, N15.8. N15.9, Q61.8-Q61.9 Т86.1, К86.8-К86.9, Т86.8, Т86.9, К76.6, К76.8, К71.2-К71.6, К71.8, К73.2, К73.8, К73.9, К75.2, К75.4, К74.0, К74.3, К74.4, К74.5, В18.0-В18.2, В18.9, Z94-95

10.

Қан аурулары:

Апластикалық анемия. Миелодиспластикалық синдром. Иммундық тромбоцитопениялық пурпура. Көптеген миелома.

D61.3, D61.9;

D46.0-D46.7, D46.9;

D69.3, D69.6;

C90.0-C90.2.

11.

Туа біткен және жүре пайда болған анофтальм. Екі жақты анофтальм, туа біткен рудиментарлы көз алмалары

Q11.1- Q 11.2

12.

Лепра

А30, А30.0-А30.5, А30.8, А30.9 , В92

 

БІРЛЕСКЕН БҰЙРЫҚ
Дата публикации
08 февраля 2022