1.1. № 2 медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі (бұдан әрі - Бөлім) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
1.2. Бөлім өз қызметінде Конституцияны басшылыққа алады, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекспен», Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен, «Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексімен», «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексімен, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен, оның қызмет саласын реттейтін Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті басшылығының бұйрықтарымен, өкімдерімен, Департамент туралы Ережемен, Департамент Регламентімен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі.
1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді.
1.4. Медициналық-әлеуметтік сараптама бөлімі Департамент басшысының орынбасарына тікелей бағынады.
1.5. Бөлім келесі бірліктерден тұрады:
1) Бөлім басшысы;
2) бас маман.