1
1.1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі (бұдан әрі-бөлім) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі-Департамент) құрылымдық бөлімшесі болып табылады;
1.2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексін, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексін, Қазақстан Республикасының «Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодексін» басшылыққа алады және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы», Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексімен, Қазақстан Республикасының оның қызмет саласын реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті басшылығының бұйрықтарымен, өкімдерімен, Департамент туралы Ережемен, Департамент Регламентімен, сондай-ақ осы Ережемен реттеледі;
1.3. Бөлімнің құрылымын, штат санын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органның уәкілетті лауазымды адамы бекітеді;
1.4. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі департамент басшысына тікелей бағынады;
1.5. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы бақылау бөлімі келесі бірліктерден тұрады:
- Бөлім басшысы;
- бас маман.