1. Зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі (әрі қарай – Бөлім) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің (әрі қарай – Департамент) халықты әлеуметтік қорғау, зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, осы Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі туралы Ережені, Комитет, Департамент туралы Ережені, Министрлік, Комитет, Департамент регламентін, коллегия шешімдерін, Министрдің, жауапты хатшының, комитет төрағасының бұйрықтары мен тапсырмаларын, сонымен қатар осы Ережені басшылыққа алады.
3. Бөлім өз қызметін басшылықпен заңнамалық актілерге сәйкес бекітілген Департамент жоспарына, сонымен қатар басшылықтың тапсырмасына сәйкес атқарады.
4. Бөлім қызметін оның басшысы басқарады, және осы Ережемен Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуы және оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.