Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаментінің Ережесі

Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Департамент) өз құзыреті шегінде әлеуметтік және зейнетақымен қамсыздандыру, мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында іске асыру және бақылау функцияларын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық бөлімшесі болып табылады.

      2. Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілерімен, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерімен, осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Департамент мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасы бейнеленген мөрі және өз атауы қазақ тілінде жазылған мөртаңбасы, белгіленген үлгідегі бланкісі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Департамент азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      5. Департаменттің, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілсе, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      6. Департамент өз құзыретіндегі мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Департамент басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделетін басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Департаменттің құрылымы және штат саны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 060007, Атырау облысы, Атырау қаласы, Махамбет Өтемісұлы көшесі, 118 Е үй, блок №2;

      9. Департаменттің толық атауы – "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" республикалық мемлекеттік мекемеcі.

      10. Осы Ереже Департаменттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Департаменттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      12. Департаментке өзінің өкілеттіктері болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер Департаментке Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі

Ереже
Дата публикации
27 августа 2026