Астана қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің департаменті (бұдан әрі – Департамент) төмендегіні хабарлайды.Департамент Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті орган болып табылады.
Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
Мемлекеттік бақылау ҚР Кәсіпкерлік кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) сәйкес бақылау субъектілеріне бара отырып, профилактикалық бақылау және жеке немесе заңды тұлғалардың құқықтардың бұзылуы, азаматтардың (соның ішінде мүгедектігі бар адамдардың) өмірі мен денсаулығына зиян келтірудің нақты фактілері бойынша өтініштері негізінде жоспардан тыс тексерулер нысанында жүзеге асырылады.
2015 жылы Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының Мүгедектердің құқықтары туралы конвенциясын ратификациялап, мүгедектігі бар адамдарға (бұдан әрі – МБА) қатысты кемсітушілікке жол бермеу және олардың қоғамдағы тең құқықтарын қамтамасыз ету үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі міндеттемелерді өзіне алды. Осындай шаралардың бірі – МБА үшін қолжетімді кедергісіз орта құру және әлеуметтік әрі көлік инфрақұрылымы объектілерін олардың қажеттіліктеріне бейімдеу болып табылады. Меншік нысанына қарамастан барлық субъектілер (жеке және заңды тұлғалар) қолжетімді орта құру және объектілерді МБА қажеттіліктеріне бейімдеу жөнінде қажетті шараларды қабылдауға міндетті.
2026 жылдың 5 айында Департаментпен барлығы 36 тексеру жүргізілді, оның ішінде:
Тексерулерді тіркеудің және субъектілер мен объектілердің бірыңғай тізілімінде (ТТСОБТ) тіркелгені – 24 (2 профилактикалық бақылау, 22 жоспардан тыс тексеру), олардың нәтижесінде 42 бұзушылық анықталды;
прокуратураның талап етуі бойынша – 12 тексеру жүргізіліп, 36 бұзушылық анықталды.
Жоспардан тыс тексерулердің нәтижелері бойынша барлығы 78 бұзушылық анықталды, оның ішінде:
Анықталған бұзушылықтарды жою туралы 14 нұсқама берілді, бір лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды.
Жалпы сомасы 5 млн 119 мың теңгені құрайтын 16 әкімшілік айыппұл салынды (15 заңды тұлғаға және 1 лауазымды тұлғаға).
орн.: Б.Туреханов
тел.: 98-71-53