Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті (бұдан әрі - Департамент) қызметінің бағыттарының бірі Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің талаптарын сақтауға мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады. Мемлекеттік бақылау келесі бағыттар бойынша жүзеге асырылады:
1) мүгедек адамдардың құқықтарын сақтау;
2) Мүгедектігі бар адамдар үшін қол жетімді кедергісіз орта құру;
3) ЖАО арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету.
2026 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша Департамент әлеуметтік Кодекстің сақталуына 9 тексеру жүргізді, оның ішінде жоспардан тыс – 5, прокуратурамен бірлесіп – 4.
Тексеру барысында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы Заңнаманың 12 бұзушылығы анықталды (мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік және көлік инфрақұрылымы объектілеріне кіруді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді қамтамасыз етпеу).
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында анықталған бұзушылықтарды жою туралы 2 нұсқама шығарылды. Жалпы сомасы 794 200 теңгеге 3 әкімшілік айыппұл салынды (мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласында). Сондай-ақ, есепті кезеңде Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына анықталған бұзушылықтарды жою туралы Нұсқаманы мәжбүрлеп орындау бойынша 6 талап арыз жіберілді.
|
п/н |
Көрсеткіштердің атауы |
Тексерулер саны |
берілген нұсқамалар саны |
Әкімшілік айыппұл саны |
әкімшілік айыппұл сомасы (мың теңге) |
||||
|
01.04. 2025 г. |
01.04. 2026г. |
01.04. 2025 г. |
01.04. 2026 г. |
01.04. 2025 г. |
01.04. 2026 г. |
01.04 2025 г. |
01.04 2026г. |
||
|
1 |
Тексерулердің жалпы саны, оның ішінде түрлері бойынша: |
12 |
9 |
5 |
2 |
3 |
3 |
570 140 |
794200 |
|
1.1. |
Профилактикалық бақылау |
0 |
0 |
0 |
0 |
х |
х |
х |
х |
|
1.2. |
Жоспардан тыс тексерулер |
12 |
9 |
5 |
2 |
3 |
3 |
570 140 |
794 200 |
|
2 |
Бұзушылықтар саны, оның ішінде түрлері бойынша: |
10 |
12 |
10 |
12 |
10 |
12 |
570 140 |
794 200 |
|
2.1. |
әлеуметтік объектілерге қол жеткізуді және көліктік қызмет көрсетуді қамтамасыз етпеу |
10 |
8 |
10 |
8 |
10 |
8 |
570 140 |
794 200 |
|
2.2. |
жеке оңалту бағдарламаларын (ЖОБ) орындамау |
0 |
4 |
0 |
4 |
0 |
4 |
0 |
0 |
|
2.3. |
арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін орындамау |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
0 |
2026 жылға арналған әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне мүмкіндігі шектеулі адамдардың кедергісіз қол жеткізуін қамтамасыз ету "АMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша бекітілген Жол картасына сәйкес бейімделу жоспары порталда интерактивті қолжетімділік картасына "INVA.gov.kz" (бұдан әрі-портал INVA.gov.kz) енгізілген жалпы санының 80% - % құрайды.
Бүгін Астана қаласы бойынша "INVA.gov.kz" порталындағы мәліметтер бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасымен (бұдан әрі-Басқарма) 2143 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі енгізілген, оның 67% - ы немесе 1435-і бейімделген.
Елорданың әрбір ауданындағы әлеуметтік маңызы бар объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттары үшін бейімделуге тиіс.
Сонымен қатар, жергілікті жерлерде объектілер мүгедектігі бар адамдардың барлық санаттарына бейімделмеген немесе тек кресло-арбаларды пайдаланатын адамдарға ғана бейімделген, ал есту және көру қабілеті бұзылған адамдарды қоса алғанда, толық бейімделу қажет.
Объектілерге қолжетімділікті қамтамасыз ету бойынша тексерулер жүргізу кезіндегі негізгі бұзушылықтар:
- пандустың болмауы немесе дұрыс орнатылмауы; пандустың бойлық еңісіне сәйкес келмеуі; ішкі пандустардың болмауы;
- сыртқы баспалдақтар мен пандустарда тұтқалардың болмауы (оның ішінде бір жағында және бөлгіш тұтқалар);
- кіреберіс алаңының, кіреберіс және ішкі есіктердің енінің сәйкес келмеуі (90 см);
- есік табалдырығының (1,4 см) және баспалдақтың (12 см) биіктігінің сәйкес келмеуі;
- көру қабілеті бұзылған адамдар үшін мнемосхема мен ақпараттық көрсеткіштердің болмауы;
-санитарлық-тұрмыстық үй-жайларда шұғыл түйменің болмауы;
- тактильді ақпарат құралдарының, белгілер мен символдардың болмауы;
- лифттерде дабыл сигналдары мен хабарлағыштардың болмауы және т. б.
Халықтың аз қозғалатын топтары мен мүгедектігі бар адамдар үшін объектілерді бейімдеу параметрлері мен талаптары туралы толығырақ ақпарат Департамент сайтындағы әдістемелік ұсынымдарда көрсетілген.
Қазіргі уақытта еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі А. М. Ертаевтың тапсырмасы бойынша Астана қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау Басқармасымен бірлесіп қол жетімді ортаны қамтамасыз ету бөлігінде Астана қаласының объектілерінің нақты жай-күйі «INVA.gov.kz» порталында енгізілген деректерге сәйкестігі туралы тексеру жүргізілуде.
Бұл жұмыстың жалғасы бар және 2026 жылдың соңына дейін әлеуметтік маңызы бар объектілерді бейімдеуді 80% - ға (немесе 2143 объектінің 1714-ін) қамтамасыз ету қажет.