Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру

Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, І және ІІ Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға берілетін жәрдемақыны, "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен наградталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ І және ІІ дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен наградталған көп балалы аналарға мемлекеттік жәрдемақыны, банкрот салдарынан заңды тұлғалар қызметкерлердің өміріне немесе денсаулығына келтірілген зиянды өтеу  төлемдерін капиталдандыру кезеңі аяқталғаннан кейін берілетін ай сайынғы төлемдерді, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақы, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдер, инфляция деңгейі есебімен міндетті зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинағы сомасы арасындағы айырмашылықты төлемін тағайындау, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ-нан бір жасқа дейінгі күтім бойынша берілетін әлеуметтік төлемдерді алушылардың міндетті зейнетақы жарналарын субсидиялау, бала кезінен бірінші топтағы кәмелет жасқа толған мүгедектерге күтім көрсететін адамдарға мемлекеттік жәрдемақыны тағайындау. Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдерінің, зейнетақы төлемдерінің, мүгедектігі бойынша, асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды, арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды, І және ІІ Тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақыларды, бала туғанда және оның күтіміне берілетін жәрдемақыны, мүгедек баланы тәрбиелеуші адамға берілетін жәрдемақыны, саяси қуғын-сүргіндер құрбандарына, Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарға біржолғы ақшалай өтемақыны, жерлеуге берілетін біржолғы төлемдерді, мемлекттік кепілдік төлемдерін жүзеге асыру. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалының аумақтық халыққа қызмет көрсету бөлімдері ұсынатын макеттерді қалыптастыру сапасын тексеру. Зейнетақы және әлеуметтік төлемдерді тағайындау және алу сұрақтары бойынша түсінік беру. Жәрдемақы, зейнетақы төлемдерін алатындар үшін макеттерді әзірлеп, қалыптастыруда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Астана қаласы бойынша филиалы мен оның бөлімдеріне ұйымдық - әдістемелік көмек көрсету және зейнетақы мен жәрдемақыны алушылардың істерін есепке алуды қамтамасыз ету.

 
Жаңалықтар
Документы
Ақпарат
08 октября 2026
2026 жылдың 9 айында көрсетілген қызметтер бойынша ақпарат
Ереже
27 августа 2026
№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Положение об отделе пенсионного и социального обеспечения № 2
Ереже
27 августа 2026
№ 1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
Положение об отделе пенсионного и социального обеспечения № 1
Новости
Полезные материалы
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру
Зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру
Медиагалерея
1
«Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы
1
Зейнетақымен қамсыздандыру: қабылданған өзгерістер және олардың азаматтар үшін маңызы
События
07 сентября
«Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясының еңбек ұжымымен өткен кездесу
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
№2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
№ 1 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімі
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ МИНИСТРЛІГІ ХАЛЫҚТЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ РЕТТЕУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ КОМИТЕТІНІҢ АСТАНА ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕКТТІК МЕКЕМЕСІ
Часто задаваемые вопросы
Еңбек кітапшасында түзетулер болса немесе ұйымның мөрі болмаса, еңбек өтілінде еңбек кітапшасы бойынша жұмыс кезеңдері есепке алынады ма?

Қазақстан Республикасында зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандырудың құқықтық негіздері Қазақстан Республикасының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII әлеуметтік Кодексімен (бұдан әрі - Кодекс), сондай-ақ Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 232 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің, жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшерлерін есептеу (айқындау), тағайындау, жүзеге асыру, тоқтата тұру, қайта есептеу, қайта бастау, тоқтату және тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы шешімді қайта қарау қағидаларымен (бұдан әрі – Қағида) реттеледі.

Кодекстің 209-бабына сәйкес жасына байланысты зейнетақы төлемдерін есептеу үшін еңбек өтілі 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезең үшін есепке алынады. Еңбек өтілі еңбек кітапшасымен расталады, ал еңбек кітапшасы немесе онда тиісті жазбалар болмаған кезде жұмысы туралы мәліметтерді растайтын құжаттар не соттың шешімі негізінде белгіленеді.

Сонымен қатар, Кодекстің 206-бабына сәйкес 1998 жылдан кейінгі жұмыс кезеңдері мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің мөлшерін есептеу үшін міндетті зейнетақы жарналары (бұдан әрі – МЗЖ) жүзеге асырылған кезеңдер есептеледі. Міндетті зейнетақы жарналары жүзеге асырылған кезең орталықтандырылған дерекқордағы МЗЖ аудару туралы мәліметтермен расталады

Еңбек кітапшаларын толтыру тәртібі Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 929 бұйрығымен бекітілген Еңбек кітапшаларын жүргізу және сақтау қағидаларында белгіленген (анықтама: КСРО Мемлекеттік еңбек комитетінің 1974 жылғы 20 маусымдағы N 162 қаулысымен бекітілген кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда еңбек кітапшаларын жүргізу тәртібі туралы Нұсқаулық).. Жұмысқа қабылдау, еңбек шартын тоқтату, басқа жұмысқа ауыстыру туралы еңбек кітапшасындағы барлық жазбалар жұмыс берушінің тиісті актісі шыққаннан кейін енгізіледі және оның мәтініне сәйкес келуі тиіс. Қызметкердің еңбек қызметі туралы мәліметтердің дұрыс немесе дұрыс емес жазылғаны анықталған жағдайларда түзетулерді тиісті жазба енгізілген жұмыс беруші не оның құқықтық мирасқоры жүргізеді.

Еңбек кітапшасын ресімдеуге қойылатын талаптар сақталмаған жағдайда не жазбаның дұрыстығына күмән болған жағдайда жұмыс өтілі мұрағат мекемелерінің анықтамасымен, мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттың уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелерімен, жұмыс орнынан анықтамамен расталуы мүмкін.

Мұрағаттық құжаттар болмаған жағдайда немесе елеулі сәйкессіздіктер болған жағдайда еңбек қызметінің фактісі заңды факт ретінде сот тәртібімен белгіленуі тиіс.

Еңбек кітапшамдағы жазба «Қазақ ССР» деген жазуы бар мөрмен куәландырылса не істеуім керек?

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 1992 жылғы 15 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің және Қазақстан Республикасы халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысымен:

  1. Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1981 жылғы 25 желтоқсандағы № 1993-XII «Қазақ КСР халық депутаттары жергілікті Кеңестерінің елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысының;
  2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1990 жылғы 19 қаңтардағы № 4451-ХI «Қазақ КСР халық депутаттары жергілікті Кеңестері төралқаларының елтаңбалы мөрлері туралы» қаулысының күші жойылды деп танылды.

Сонымен қатар, 1993 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Конституциясының күшіне енген күні 1978 жылғы Қазақ КСР Конституциясы (Негізгі Заңы) өз күшін тоқтатты.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 6-бабына сәйкес (өтпелі ережелер-1995 жылғы 30 тамыздағы Конституцияның қабылдануына байланысты күші жойылды) екі жыл ішінде нормативтік құқықтық актілер мен өзге де құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестендірілді.

Өтпелі кезеңді ескере отырып, "Қазақ КСР" мәтіні бар мөрмен расталған еңбек кітапшасындағы жазбалар 1995 жылғы қаңтарға дейінгі жұмыс кезеңдері үшін зейнетақы төлемдерін есептеу кезінде есепке алынады.

1995 жылғы қаңтардан кейінгі жұмыс кезеңінде "Қазақ КСР" мәтіні бар мөрді пайдалану заңнама талаптарына сәйкес келмейді. Мұндай жағдайларда жұмыс кезеңі қосымша растауды талап етеді.

Егер ескі үлгідегі мөр жұмыс берушінің (кадр қызметінің) кінәсінен қойылса, азамат еңбек қызметі фактісін растайтын қосымша құжаттарды ұсыну қажет, оның ішінде мұрағат мекемелерінің анықтамаларын, мемлекеттік немесе ведомстволық мұрағаттың уәкілетті қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған мұрағат құжаттарының электрондық көшірмелерін, жұмыс орнынан берілген анықтама.

Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, жұмысқа орналасу фактісі сотта анықталуы керек.

Көпбалалы отбасыға төленетін жәрдемақының тоқтауына не себеп болуы мүмкін?

Қазақстан Республикасында көпбалалы отбасыларға жәрдемақы төлеу тәртібі 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 224-VII Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің (әрі қарай-Кодекс) нормаларымен реттеледі.

Кодекстің 92-бабы 3 тармағына сәйкес көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны төлеуді тоқтатуға:

1) баланың қайтыс болуы;

2) жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын баланы ол он сегіз жасқа толғаннан кейін оқудан шығару;

3) баланы мемлекеттің толық қамтамасыз етуіне беру;

4) өтініш берушінің көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны заңсыз тағайындауға алып келген анық емес мәліметтерді ұсынуы;

5) Қазақстан Республикасының неке-отбасы заңнамасында белгіленген жағдайларда ата-аналарды ата-ана құқықтарынан айыру немесе ата-ана құқықтарын шектеу, бала асырап алуды жарамсыз деп тану немесе оның күшін жою, қорғаншыларды (қамқоршыларды) өз міндеттерін атқарудан босату немесе шеттету;

6) көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушыға қатысты оның Қазақстан Республикасының азаматтығын тоқтату фактісінің анықталуы негіз болып табылады.

7) Көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақыны алушының сот бас бостандығынан айыру түрінде тағайындаған қылмыстық жазаны өтеуі туралы мәлімет.

Бұл ретте көпбалалы отбасына берілетін жәрдемақы балалардың заңды өкіліне осы жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап не қорғаншы болып тағайындалған адамға қорғаншылық немесе қамқоршылық белгіленген күннен бастап, бірақ жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен кейін төленеді;

Бала он сегіз жасқа толғанда, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша оқуын жалғастырған жағдайда, жәрдемақы тоқтатыла тұрған күннен бастап (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін) төленеді.

Алайда, егер бала Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 «Білім туралы» Заңының 37-бабының 2 тармағы 2-1) тармақшасына сәйкес дайындық курсында оқитын болса, жәрдемақы жоғары оқу орнына түскенше дейін тоқтатыла тұрады.

Социальные медиа

Facebooke, Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы