
1971 жылғы 7 қыркүйекте дүниеге келген. 1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын «Құқықтану» мамандығы бойынша бакалавр-заңгер біліктілігімен бітірген. Медицина ғылымдарының кандидаты.
1999 жылдан 2000 жылға дейін Павлодар облысы Шарбақты аудандық ауруханасында невропатолог дәрігер болып жұмыс істеген.
2000 жылдан 2002 жылға дейін невропатолог дәрігер қызметін атқарған.
2002 жылдан 2008 жылға дейін Павлодар облысының халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама жөніндегі бас маманы болды.
2008 жылдан 2012 жылға дейін Павлодар облысы бойынша Бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің медициналық-әлеуметтік сараптама әдіснамасы және бақылау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.
2012 жылғы 10 мамырдан бастап қазіргі уақытқа дейін Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының медициналық-әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары қызметін атқарып келеді.
2025 жылғы 5 мамырдан бастап Астана қаласы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау департаменті басшысының орынбасары қызметін атқарады.
Сартымбетова Ләззат Есмағамбетқызы 2010 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Құрмет грамотасымен», 2012 жылы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен, 2015 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасымен, сондай-ақ 2021 жылы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.