Меню

Контакты для связи
Телефон приемной:
E-mail:
a.aimagambetov@enbek.gov.kz
Аккаунты соц. сетей:
Аймагамбетов Аскар Абильдаулы
Департамент басшысы
Общая информация, образование

1974 жылғы 23 маусымда дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын 1997 жылы «Былғары және үлбір технологиясы» мамандығы бойынша, ал Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін 2006 жылы «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген.

Карьера

1998 жылғы мамырдан 2008 жылғы маусымға дейін Тараз қалалық Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы бөлімшесінде маман, аға маман, Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Жамбыл облыстық филиалының операциялық бөлімінің бас маманы, қажеттілікті талдау және жинақтау бөлімінің бастығы қызметтерін атқарған.

2008 жылғы маусымнан 2013 жылғы қазанға дейін Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығының Жамбыл облыстық филиалының директоры болды.

2013 жылғы қазаннан 2015 жылғы сәуірге дейін Астана қалалық филиалы директорының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылғы мамырдан 2022 жылғы қарашаға дейін «Мемлекеттік зейнетақы төлеу орталығы» РМКК бас директорының орынбасары, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бірінші директорының орынбасары, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті төрағасының орынбасары, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылғы қарашадан 2024 жылғы қазанға дейін «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті» РММ басшысы болды.

2024 жылғы қазаннан 2026 жылғы қаңтарға дейін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік көмек департаментінің директоры қызметін атқарды.

2026 жылғы қаңтардан бастап қазіргі уақытқа дейін «Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитетінің Астана қаласы бойынша департаменті» РММ басшысы қызметін атқарып келеді.

Аймагамбетов Асқар Әбілдаұлы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің Құрмет грамотасымен, Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің «Әлеуметтік-еңбек саласының үздігі» төсбелгісімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградасы - «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Социальные медиа

Facebooke, Instagram

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы