
2025 жылғы 05 ақпанда Алматы қаласы бойынша халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімдері "Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау " тақырыбында техникалық оқыту өткізді.
Оқыту барысында Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің "Әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау" тарауы, Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік Кодексіне қатысты мәселелер, әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау критерийлері, оның ішінде әлеуметтік төлемдерді уақтылы және дұрыс тағайындау, әлеуметтік төлемдерді алушыға уақтылы және толық аудару бөлігінде міндетті әлеуметтік сақтандыру мәселелер, сондай-ақ алеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру саласында тексерулер жүргізу алгоритмі қаралды.