
Әлеуметтік кодекс шеңберінде әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау көзделген, ол мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау, халықты жұмыспен қамту, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету, әлеуметтік қамсыздандыру, оның ішінде міндетті әлеуметтік сақтандыру және зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, жоюға және Қазақстан Республикасының заңнамасының сақталуын тексеруге бағытталған.
Әлеуметтік Кодексте алғаш рет мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторы деген ұғым енгізіледі.
Кодекске сәйкес әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік бақылауды мемлекеттік әлеуметтік қорғау инспекторлары, мемлекеттік еңбек инспекторлары, уәкілетті органдардың лауазымды адамдары жүзеге асыратын болады.
Әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары ұсынылған бақылау функциялары Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жүзеге асырады.
Кодекске сәйкес әлеуметтік қорғаудың мемлекеттік инспекторлары «Азаматтарға арналған үкімет «мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ бөлімшелерінің (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) және «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ филиалдарының зейнетақымен қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында мемлекеттік қызметтер көрсету мерзімдерін сақтау бөлігінде бақылау функцияларын жүзеге асыратынын атап өткен жөн.
Бұдан басқа, мемлекеттік бақылау уәкілетті органның шешімі негізінде әлеуметтік қамсыздандыру және міндетті әлеуметтік сақтандыру төлемдерін тоқтата тұру, қалпына келтіру, қайта бастау және тоқтату кезінде төлемдерге арналған істердің электрондық макетін қалыптастыру мерзімдерін сақтауды жүзеге асыратын болады.
Бүгінгі күні республикалық бюджеттен зейнетақы мен жәрдемақы төлемдерін тағайындауды Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек және әлеуметтік қорғау Комитетінің аумақтық Департаменттері жүргізіледі. Өз кезегінде әлеуметтік тәуекел туындаған кезде әлеуметтік төлемдерді «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ (бұдан әрі – МӘСҚ) филиалдары тағайындайды.
Мемлекеттік корпорация өтініш пен қажетті құжаттарды қабылдау және зейнетақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындауға арналған шешімдердің жобаларын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады, сондай-ақ республикалық бюджет пен МӘСҚ қаражатынан төлемдердің уақтылығы мен толықтығына жауап береді.
Мәселен, 2023 жылғы 1 маусымға Алматы қаласы бойынша зейнетақы мен жәрдемақы алушылардың саны 626 мыңнан астам адамды құрайды. Алматы қаласы бойынша Еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің департаменті ай сайын орта есеппен 20 мыңнан астам төлем түрлерін қарастырып, тағайындайды.